« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қазалы ауданы ақ күріштің ордасы атануымен бірге «Сыр қауыны» деген брендімен де алыс және жақын шет елдерге атағы жайылған өлке. 70 жыл бұрын Бельгияның астанасы – Брюссельдегі халықаралық көрмеде Қазалының қара күләбісі алтын медаль иемденген болатын.
Биыл аудан әкімінің қолдауымен ауылдық округтерде аталған ата кәсіп – бау-бақша егу жұмыстарын жандандыру ісі қызу қолға алынды. Жыл көлемінде өнімді егуден бастап тұтынушыға жеткізуге дейінгі аралықтағы барлық жұмыстар үйлестірілді.
Ауданда өндірілген ауылшаруашылығы өнімдерін өткізу мәселесі қарастырылған. Бақша өнімдерін сыртқы экспортқа өткізу мақсатында аудан әкімі бастаған арнайы делегация өткен жылы Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында және Ақтөбе қаласында іссапарда болып, Қазалы ауданы әкімдігі мен ресейлік «Kaz-Food» компаниясы және «Скайленд-94» жабық акционерлік қоғамымен, Ақтөбе облысының аудан әкімдерімен жергілікті өнімдерді өткізу жөнінде меморандумдарға қол қойылды.
Нәтижесінде егінмен айналысатын 9 кооператив есепті кезеңде 511 гектар жерден 7300 тонна өнім алған. Осы бау-бақша өнімдерінің30 тоннасы бүгін Қазалы ауданынан Ресей Федерациясының Орск қаласына жөнелтілді.
Оның 22 тоннасы «Самұрық» және «Майдакөл» кооперативтеріне тиесілі. «Самұрық» кооперативі биылАқжона ауылдық округіне қарасты Жалпақ елді мекенінен 6 га жерге қауын-қарбыз ексе, «Майдакөл» кооперативіне 23 адам бірігіп, 60 гектарға бақша өнімдерін еккен.
Қалған 8 тонна қауын түрлері«АгроОптСервис» ЖШС директоры Бекболат Бибалаевтікі. Жеке кәсіпкер биыл индустриалдық аймақтан өнім сақтау қоймасын салу жобасын жүзеге асырмақ.
Жалпы, осы уақытқа дейін Қазалы ауданынан 190 тонна бау-бақша өнімдері экспортқа шығарылған. Қазалы өнімдері Ресей Федерациясының Мәскеу, Орск қалаларынан өзге Ақтөбе, Ақтау, Атырау мен Арал, Байқоңыр, Түркістан, Жезқазған қалалары мен аудандарына да жөнелтілуде.
Сонымен қатар, халықты жергілікті бау-бақша өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында аудан орталығы Әйтеке би кентінен бау-бақша өнімдері сатылатын бес орын белгіленіп, шатырлар орналастырылды. Енді кент тұрғындары өздері тұратын аймақтарда жергілікті бақша өнімдерін тиімді бағада сатып ала алады.
Жергілікті шаруалардың өнімдерін насихаттау мақсатында Қызылорда мен Астана қалаларында және аудан орталығында ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері ұйымдастырылуда. Онда қазалылық жергілікті өнімдер халыққа нарықтан төмен бағада ұсынылып келеді.
Айта кетейік, Қазалы ауданы бойынша 324 мүше бірігіп құрылған 36 ауылшаруашылығы кооперативтеріне жерді қоршау, жерді өңдеу, аяқ су жеткізу жұмыстарына қолдау көрсетілді. Олардың 25-і мал шаруашылығымен, 9-ы егін шаруашылығымен, 1-і мал шаруашылығы өнімдерін, 1-і көкөніс өнімдерін өңдеумен айналысады. Ауданда өндірілген өнімдерді тиісті орындарға жіберумен айналысатын «Бақша» кооперативі жұмыс істейді. Бақшалық жерлерді қоршау жұмыстарына қажетті материалдар сатып алуға бюджеттен 18,0 млн теңге бөлінді. Машина-трактор паркі 18 дана техникамен толықты. 60,0 млн теңгеге 6 МТЗ трактор, 6 тіркеме, 3 соқа және 3 дән сепкіш техникалары сатып алынып, Алға, Аранды, Майдакөл, Бозкөл, Сарыкөл, Өркендеу ауылдық округтерінің шаруаларына жаңа техникалардың кілттері табысталды.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |