ЖІГЕР СЫЙЛАҒАН ЖАРЫС

Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің 20 жылдығына орайластырылған «Денсаулық фестивалі – 2017» кең ауқымды акциясы білім ошақтарында аталып өтуде. Фестиваль балабақша тәрбиеленушілері мен  мектеп оқушылары және тәлімгерлер арасында «Біз салауатты өмір салтын ұстанамыз!» ұранымен түрлі сайыстар ұйымдастырылды.
Осындай ізгі шараның бірі №264 мектеп-лицейі мен №198 орта мектепте өтті. Мектепаралық жарыстарға оқушылар шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы, үстел теннисі түрлерінен, сондай-ақ, қыздар арасында волейболдан, ұлдар арасында футболдан өткен командалық жарыстар белсенді жастардың ынтызарын оятты.
№198 мектеп оқушылары қуыршақ театрының салауатты тамақтану қойылымын көрсетті. Театрландырылған қойылымның балаларды салауатты тамақтануға баулып, салауатты өмір салтын қалыптастыруды, дене белсенділігін арттыруды насихаттады.
Күнделікті лекциялық сабақтар мен семинарлармен қатар, нақты мысалдар арқылы көрсетілген қойылымнан балалардың салауаттылық негізін барынша ұғынып, күнделікті өмірде пайдалануға ұмтылыс жасайтыны сөзсіз.
Акция аясында жасөспірім балуандарымыз «Мұз айдынында» өзара бақ сынасты. 14-15 жастағы 60 жеткіншек 45 келі салмақта грек-рим күресінде шын шеберді анықтады.
Аталған жарыстарға қатысып жеңімпаз атанғандар Орталық алаңда өтетін «Денсаулық фестивалі-2017» кең ауқымды акциясының жабылу салтанатында марапатталатын болады.

Нұрбек САҒАТҰЛЫ.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 қыркүйек 2017 г. 604 0