МЕКТЕПТЕРДЕ ШАХМАТ ПӘНІ ЕНГІЗІЛЕДІ

Биылдан бастап Қызылорда қаласында 4 мектептің 2-ші сынып оқушылары шахмат сабағынан білім алады. Жаңа жоба туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің көшпелі баспасөз конференциясында Қазақстан шахмат федерациясының вице президенті, Қызылорда шахмат федерациясының президенті Марат Есенов мәлімдеді.
Бүгінгі таңда «Мектептегі шахмат» пилоттық жобасы республиканың 3 өңірінде, яғни Алматы, Қызылорда, Павлодар облыстарында жүзеге асуда. Шахмат федерациясының басты мақсаты болашақта барлық білім ордаларында 2-сынып оқушыларына аптасына бір рет шахмат пәнін енгізіп, осы ойынның қыр-сырын үйрету. Бүгінде пилоттық жоба аясында аймақтағы 4 мектептің 2-сынып оқушылары шахматтың қыр-сырын үйренуге машықтануда.
«Мектептегі шахмат» жобасына жаңа оқу жылында «Мұрагер» дарынды балалар мектебі, №3 мектеп лицейі, №198, №278 орта мектептердің қазақ және орыс тілдерінде оқытылатын сыныптардың оқушылары экспериментке енді.
«Пилоттық жоба өз нәтижесін берсе, 2020 жылы барлық білім ұяларындағы 2 сыныптарына шахмат пәні енгізілмек», - дейді Марат Есенов.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 қыркүйек 2017 г. 842 0