Жаңақорған ауданында аптаның сейсенбісі күні күрішке орақ түсті. Биылғы жылы аудан бойынша 34799 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын екті. Оның ішінде дәнді дақылдар көлемі 12773 гектар болса, Сыр салысы 9967 гектар алқапқа орналастырылған болатын.
Аудандағы ірі ауылшаруашылық құрылымдарының қатарына биылғы жылы «Тасболат А» ЖШС қосылды. Сунақата ауылдық окру¬гінің территориясынан 1542 гектар алқапқа күріш еккен шаруашылық аудан әкімінің бастамасын іс жүзінде қолдауды ұйғарған ұжым негізінен. «Фаворит» жəне «Лидер» күріш сорттарын еккен еді. Мамандардың айтуы бойынша, дақылдың шығымдылығы жақсы, өнімі де мол болуы тиіс. Міне, шаруашылық механизаторлары көптен күткен орақ науқанына да кірісті. Орақ науқанының басталу сәтінде аудан әкімі Ғалым Әміреев құттықтау сөз сөйлесе, Еңбек Ері Арапбек Әбиев, ғалым-агроном Керімхан Егізбаев бастаған ардагерлер лентаны қиды. Шаруашылық директоры Бақытжан Тасболатов орақты қысқа мерзімде табысты аяқтауға сендірді.
Айта кеткен жөн, 9967 гектар жерге күріш дақылының жоғары репродукциялы сорттарын енгізу бағытында біршама жұмыстар атқарылып, сорт алмастыру жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілді. Аудан бойынша, «Маржан» сортты күріш тұқымының жоғары репродукциялы «Лидер», «Фаворит», «Лазур», «Искандер» сорттарына ауыстырылды. «Бала¬панды күзде санайды» демекші, жаңа технологияның нәтижесін байқайтын күн де алыс емес.
Н.НАЗЫМХАНҰЛЫ.
Жаңақорған ауданы.