ЭКСПО КӨРМЕСІН БІР КҮНДЕ 75 МЫҢНАН АСА АДАМ ТАМАШАЛАДЫ

28 тамыздан 3 қыркүйекке дейінгі аралықта ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне 398 341 адам келді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«28 тамыз-3 қыркүйек күндері ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесіне 398 341 адам, яғни орташа есеппен күніне 56 905 адам келді. Келушілердің рекордты саны 3 қыркүйек күні тіркелді. Бұл күні көрмеге 75 мыңнан астам адам келді», - деп жазды баспасөз қызметі.
Соңғы аптадағы келушілер саны алғашқы аптамен салыстырғанда екі есеге артқан. Еске сала кетсек, көрме жұмысының алғашқы аптасында күніне 23 мың адам келген еді.
Айта кетейік, 10 маусымнан 3 қыркүйекке дейінгі аралықта Көрмеге келушілерінің саны 3 525 291 адамға жетті. Ал Көрменің барлық нысандарына кіріп шығу көрсеткіші 29 144 833-ті құрады.
Бұған дейін халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесіне келушілер саны 2 000 000, ал кіріп шығу көрсеткіші шамамен 5 000 000 болады деп болжанған еді.
Келушілер ең көп тамашалаған халықаралық павильондар:
1. Египет
2. Африка плазасы
3. Түркия
4. Таиланд
5. Әзербайжан
6. Өзбекстан
7. Үндістан
8. Ресей
9. Жапония
10. Сауд Арабиясы
Корольдігі Көрме кешенінің ең көп тамашаланған нысандары:
1. Нұр Әлем
2. Коммерциялық павильондар
3. «Шелл» балалар зертханасы
4. Тақырыптық С 3.5 павильоны
5. Балалар паркі
6. Амфитеатр
7. Дю Солей циркі
8. Арт-орталық
9. Тақырыптық С 2.4 павильоны
10. Корпоративтік павильон.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 қыркүйек 2017 г. 487 0