ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрбан айт – дін мен ұлтқа бөлінбестен, барша Отандастарымызды ынтымақ пен бірлікке, бір-біріне мейірімді де қайырымды болуға шақыратын ұлық мереке.

Исламның басты бес парызының бірі – қажылықпен тұспа-тұс келетін тәлім-тәрбиесі мол қасиетті айттың орны ерекше. Құрбан айт – кең пейілділік пен жомарттықтың, бауырмалдық пен қайырымдылықтың мерекесі. Бұл күні күллі мұсылман баласы ізгілік пен адалдықты ұлықтап, заманы мен елінің тыныштығын, отбасы мен Отанының амандығын тілейді.

Елбасының «Бүгінгі ұлық мейрамда құрбандық шалудың ең ізгі амалы – жетім-жесірлерге қолұшын созу, араздасқанды татуластыру, адамзатты бейбіт өмір сүруге шақыру сияқты имандылық істермен астасып жатыр» деген ұлағатты сөзі бар.

Қасиетті күндердегі ізгі амалдарыңыз бен ниеттеріңіз қабыл болсын! Елімізде әрқашанда бейбітшілік, бірлік пен келісім болғай!

Құрбан айт әрбір отбасына амандық, елімізге бірлік пен ынтымақ әкелсін!


Ізгі ниетпен, облыс әкімі   Қ.Көшербаев.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 тамыз 2017 г. 729 0