ЖАҢА ЖОБАЛАР МАҚҰЛДАНДЫ

Ағымдағы жылдың тамыз айында Қызылорда облысының Аймақтық үйлестіру кеңесі тарапынан 13 жобаға «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында қолдау көрсетуге шешім шығарылды. Жобалардың жалпы құны 261,7 млн. теңгені құрайды. Мемлекеттік қолдаудың көмегімен кәсіпкерлер кепілмүлік жетіспеушілігі мен несие пайызын төмендету секілді мәселелерін шешуге мүмкіндік алды. Кәсіпкерлер қол жеткізген несиелерінің үстемесі 4% дейін азайды.

Аймақтық үйлестіру кеңесі тарапынан мақұлданған жобалардың бірі жеке кәсіпкер Игіліков Төребектің кәсіпорны мемлекеттік бағдарлама аясында осыған дейін де кәсібін дөңгелетуге мүмкіндік алған болатын. Қазалылық кәсіпкердің балық өндіру мекемесі жаңа құрал-жабдықтармен толығып, дамуға жаңа леп алуда. «Даму» Қорының бөлшек кепілдендіру бағдарламасы аясындаТөребек Игіліков «Қазақстан Халық Банкі» АҚ несие рәсімдеп, 16,5% жылдық үстемемен қол жеткізген несиесінің 10% мемлекет тарапынан субсидиялануда. Кәсіпкер несиесін 6,5%-бен өтейтін болды.

Тағы бір ауылдық кәсіпкер Дастан Данлыбаев бизнесін кеңейтуді жоспарлап, жаңа арнайы техника сатып алуды көздеп отыр. «Санжар» мекемесінің негізгі қызмет бағыты құрылыс техникалары мен құрал-жабдықтарын жалға беру болып табылады. Қармақшы ауданының кәсіпкері  ұсынған құны 7 млн.теңгеніқұрайтын жоба«Қазақстан Халық Банкі» АҚ Байқоңыр филиалы тарапынан қолдау тауып, 18% үстемемен несие берілді. Кәсіпкер несиесінің пайыздық үстемесі «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында субсидияланатын болады.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 тамыз 2017 г. 1 059 0