« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Спорттық сайыстарға 3200 адам қатысты. Олар- мемлекеттік мекеме қызметкерлері, қала тұрғындары, еріктілер және белсенді жастар. Жеңімпаздар алғыс хаттармен және медальдармен марапатталды. Шара марафонмен басталды,қатысушылар Тағзым алаңынан Орталық алаңға дейінгі аралықты жүгіріп өтті.
Спорттық жарыстарға қатысушыларды Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Конституция күні мерекесімен құттықтап, сәттілік тіледі.
- Құрметті жерлестер, осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сіздерді баршамыз үшін қастерлі мереке-Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын! Атазаңның арқасында Тәуелсіз еліміз ширек ғасырда толайым табыстарға қол жеткізді. Ата заңымызбен ата дәстүрімізді жалғастырып келе жатырмыз. "Есім ханның ескі жолы", "Қасым ханның қасқа жолы", Тәуке ханның "Жеті жарғысынан" бастау алатын Ата заң жиырма бірінші ғасырдың шақыруларына лайықты жауап беретін басты құжатымызға айналды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында елімізде тұрақтылық, бірлік бар. Бұл-табысты дамуымыздың негізгі кепілі,- деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Аймақ басшысы жастарға "әрбіріңіз алдарыңызға биік мақсаттар қойыңыздар, сонда ғана ұлы жетістіктерге жетесіздер. Сіздер де еліміз сияқты заманға сай қарқынды дамуларыңыз қажет" деп атап өтті.
Орталық алаңда спорттың бірнеше түрінен сайыстар өтіп, оған 3200 адам қатысты. Мысалы: тоғызқұмалақ, гір тасын көтеру,стритбол, арқан тарту, таэквондо, көркем гимнастика және т.б
Айта кету керек, аймақта спортты дамытуға қажетті жағдайдың барлығы жасалған. Мәселен,облыстағы барлық спорттық нысандардың саны 2120-ға жетті, оның 1418-і ауылдық жерлерде орналасқан. Тек соңғы үш жылда облыста 9 спорт кешені пайдалануға берілді.
Биыл 7 елді мекенде спорттық кешендердің құрылыстары басталды. Мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында облыс орталығының «Мерей» мөлтек ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені іске қосылды. Сондай-ақ, Сырдарияның сол жағалауынан 15 мың орындық стадион салу жоспарланған.
Сонымен қатар, аймақ билігі 2020 жылға қарай спортпен тұрақты шұғылданушылардың үлесін 30 пайызға жеткізуді межелеп отыр.Анықтама үшін: Жыл басынан бері Қызылорда облысының спортшылары Қазақстан чемпионаттарында - 563 медаль жеңіп алса, Азия, Әлем чемпионаттарында–53 медаль иеленді. Еліміздің Ұлттық құрама командасына спорт түрлерінен 420 спортшы енді.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |