Асқар Жұмағалиев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. А.Қ. Жұмағалиевті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындау туралы Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Астана, Ақорда, 2017 жылғы 29 тамыз № 536 *** Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев 1972 жылы туған. Свердловскідегі Суворов әскери училищесін, Қазақ ұлттық техникалық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін, Лозаннадағы Швейцария Федералды Технология Институтын бітірген. Еңбек жолын коммерция саласынан бастаған. 2001 жылы мемлекеттік қызметке Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігіне орналасты. Бөлім бастығынан бастап Комитет төрағасының орынбасарына дейін көтерілді. Қазіргі таңда жоғарғы буын басшысы ретінде орасан зор тәжірибеге ие. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы, «Қазақтелеком» АҚ Президенті, ҚР Байланыс және ақпарат министрі, ҚР Көлік және коммуникация министрі, ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы лауазымында қызмет атқарды. 2015 жылғы 6 мамырдан бастап «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды. «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен, Ю.А.Гагарин атындағы медалімен және «Құрмет» орденімен марапатталды. 2009 жылы «Құрметті байланысшы» атағы берілді.