ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ІІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Бүгін Жаңақорған ауданында қазақ күресінен түйе палуандар арасындағы Еңбек ардагері М.Нәлібаевты еске алуға арналған ІІІ халықаралық турнирдің ақтық сайысы өтті. Оған Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан республикасының палуандары қатысып, өзара бақ сынасты.
Шараға Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Асқар Баталов қатысып, жеңімпаздарды құттықтады және оларға бағалы сыйлықтар табыс етті.
Қазақ күресінен түйе палуандар арасындағы Еңбек ардагері М.Нәлібаевты еске алуға арналған ІІІ халықаралық турнир нәтижесінде І орынды (1 млн теңге) Алматы облысынан Руслан Әбдіразақов иеленсе, ІІ орынды (500 мың теңге) жамбылдық Айдос Теңгебаев қанжығасына байлады. Ал ІІІ орынды (300 мың теңге) Өзбекстаннан келген Ихтиор Халмурадов қанағат тұтты.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан барысының» алғашқы жеңімпазы біздің облысымыздан шықса, биыл Астана қаласында қазақ күресінен өткен «Қазақстан барысы» республикалық турнирінде жерлесіміз Еламан Ерғалиев жеңіс тұғырына көтеріліп, облыс абыройын тағы бір асқақтатқан болатын.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 тамыз 2017 г. 581 0