« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қазыбек би Келдібекұлының 350 жылдығына байланысты жолға шыққан халықаралық автокеруен апта басында Сыр өңіріне аялдады. Керуен мүшелері сейсенбіде жастар қауымымен жүздесті.
Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Еркебұлан Меңлібаев сапардың мән-маңызына тоқталды. Мерейтой Қарағандыдан басталды. Қазақ руханиятының көрнекті өкілі Қазыбек бидің мемлекет үшін жасаған еңбектерін, оның құнды мұраларын кең көлемде насихаттау – Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың бір көрінісі. Е.Меңлібаев Арқадан басталған автокеруен мүшелерінің сапар кезінде Қызылорда қаласындағы көрнекті әрі мәдени орындарды аралағанын айтты.
Кездесуде керуен жетекшісі, Қарағанды облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мирас Құттыбай, білім меценаты, Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты Бекзат Алтынбеков және тағы басқа меймандар сөйледі. Мұндай тағылымды да танымдық шаралар тарихымызды жаңаша пайымдауға, тұлғаларымызды шынайы бағалауға мүмкіндік беретінін жеткізді. Кездесу кезінде Қызылорда және Қарағанды облыстарының тиісті басқармалары арасында өзара ынтымақтастықты дамыту жөніндегі меморандум қабылданды.
Жолға шыққан топ осыдан кейін берісі Түркістан, Тараз, Шымкентке, әрісі Өзбекстанның Науаи және Ташкент қалаларына барып қайтады.
Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |