« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қазақстандықтар медициналық сақтандыруға қарамастан аурулардың кейбір түрлері бойынша тегін медициналық көмек алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу шеңберінде, сондай-ақ медициналық қызмет көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен әлеуметтік маңызы бар аурулардың және қоршаған ортаға қауіп келтіретін аурулардың тізімін бекітті. Аталған нормативті-құқықтық актіге сәйкес, республиканың азаматтарына медициналық сақтандырудың бар-жоғына қарамастан, жоғарыда көрсетілген тізбедегі барлық ауруларға кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемінің аясында медициналық қызмет алуға болады»,-деп атап өтілген аталған министрліктің мәліметінде.
Атап айтқанда, тізімге сәйкес, әлеуметтік маңызы бар ауруларға 13 дерт түрі кіреді.
Олардың қатарында туберкулез; адам иммунитеті жетіспеушілігі салдарынан туындаған ауру және адам иммунитеті жетіспеушілігі вирусын тасымалдаушылар; В, С вирусты гепатиті; қатерлі жаңадан пайда болған өскіндер; қант диабеті; психиканың және жүріс-тұрыстың бұзылуы; балалардағы церебралды сал ауруы; миокард инфарктісі (алғашқы алты айда); ревматизм; дәнекер тіндердің жүйелі бұзылуы; орталық жүйке жүйесінің тұқым қуалайтын-дегенеративті аурулары; орталық жүйке жүйесінің миелинсіздендіру аурулары; орфандық (сирек кездесетін) аурулары қамтылған.
Бұл ретте, қоршаған ортаға қауіп келтіретін аурулар тізіміне 16 ауру түрі кірді: адам иммунитеті жетіспеушілігі салдарынан туындаған ауру және адам иммунитеті жетіспеушілігі вирусын тасымалдаушылар; туберкулез; геморрагиялық қалтырау; дифтерия; менингококк инфекциясы; полиомиелит; психиканың және жүріс-тұрыстың бұзылуы; жыныстық жолмен берілетін инфекциялар; алапес; безгек; сібір жарасы (өкпедегі формасы); тырысқақ; оба; іш сүзегі; А вирустық гепатиті; туляремия.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |