« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Спорт күні кәсіби мерекесіне орай 20 тамыз күні Қызылорда қаласында салауатты өмір салтын насихаттау, әрі облысымызда велоспорттың кеңінен өркен жайылуына үлес қосу мақсатында қала тұрғындарының қатысуымен бұқаралық велошеру өтті.
Велошеру таңғы 10.00-де «Сыр - Ана» монументінен басталып, Тәуелсіздік даңғылы бойымен Ғ.Мұратбаев көшесі арқылы өтіп, орталық стадионда аяқталды.
Орталық стадионда Спорт күні мерекесімен сала мамандарын облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Акимов құттықтап, спорттың дамуына үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлерді марапаттады.
Олардың ішінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен спорт ардагері, бокстан КСРО спорт шебері Афанасий Ким, облыс әкімінің алғыс хатымен грек-рим күресінен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Виктор Юн, спорт басқармасының алғыс хатымен көгалдағы хоккейден ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сұлтанбек Қобландиндер марапатталды.
Шараға спорт саласының қызметкерлері, спортшылар, спорт ардагерлері қатысты.
Сонымен қатар, спорт мекемелері арасында волейболдан жарыс өтті. Екінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен басқармаға бағынысты 16 команда, 200-ге жуық қызметкерелер шеберлік байқасты.
Нәтижесінде «Қайсар» волейбол клубы айқын басымдық танытып, жеңіске жетті. Екінші орынды облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің қызметкерлері алса, үшінші орын Қажымұқан спорт клубына бұйырды.
Жеңімпаз және жүлдегер командаларға алғыс хат және кубоктар табысталды.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |