Алдағы бес жыл ішінде оңтүстіктен солтүстік өңірлерге алпыс мыңға жуық отбасы қоныстанатын болды. Бұл туралы жуырда Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жария етілді. Ауқымды жұмыстар 2017-2021 жылдарға арналған Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасының және «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.
Атап айтқанда, үстіміздегі жылғы 1 сәуірден бас¬тап, нарықта сұранысқа ие мамандықтар мен кәсіптер бойынша жұмысшы мамандарды қысқа мер¬зімді кәсіби оқыту жұмыстары басталады. Бүгінде қысқа мерзімдік курстарға 27,7 мың ересек адам бағытталған. Алматы мен Қызылорда облыстарында жұмыс берушілер жанындағы оқу орталықтарында да оқу басталып кетті.
Екінші бағыт жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Бұл мақсатта жаңа бағдарламада несиелеу ауқымы кеңейіп, оған тек ауыл емес, қала тұрғындары да қатысатын болып шешілді. Несиенің ең жоғары сомасы 18 млн теңгеге дейін өсті, берілу мерзімі 5 жылға дейін, мал шаруашылығымен немесе ауыл шаруашылығы кооперативін құрумен айналысқан жағдайда 7 жылға дейін ұзарды. Түпкі қарыз алушыға жылдық несие мөлшерлемесі 6 пайыздан аспайды.
Бағдарламаға «Даму» қоры, «ҚазАгроның» еншілес ұйымдары – «Ауыл шаруашылығын қар¬жылай қолдау қоры» мен «Аграрлық несие корпорациясы» және «Қазагрогарант» қаржы институттары жұмылдырылған.
Несиелердің қолжетімділігін арттыру мақ¬са¬тында несиелерді кепілдендіру тетігі енгізілді: істі жаңадан бастап жатқандар несиесінің – 85% пайызына дейін, бұрыннан келе жатқан кәсіпкерлерге 50% пайызына дейін мемлекет кепілдік береді. Ауыл шаруашылығы министрлігі бұйрығымен бекітілген «Ауылда шағын несие беру ережелерінде» шағын несие алуға қажет құжаттардың саны жеке тұлғалар үшін 30-дан 14-ке дейін, заңды тұлғалар үшін 9 құжатқа дейін қыс¬қартылды.
Қазақстандағы еңбек ресурстары шектен тыс көп өңірлерден адамдарды жұмыс күші тапшы өңірлерге көшіру науқаны да осы бағдарлама аясында жүзеге асырылады. Еңбек ұтқырлығын арттыру шаралары аясында бағдарламаны тәжірибеде шыңдау мақсатында, елдің солтүстік және орталық облыстарындағы жұмыс берушілердің қатысуымен жұмыс қолы артық өңірлерде 5 өңіраралық бизнес-форум өткізу жос¬парланып отыр. Ағымдағы жылы Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Алматы, Қызылорда облыстарында көшті қабылдайтын солтүстік өңірлердегі жұмыс берушілердің атсалысуымен «өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкелері» өтті.
Жалпы алғанда, биылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 442 отбасы көшірілді, олардың 172-сі – еңбекке жарамды адамдары мол ай¬мақ¬тардан көшірілген ішкі қоныс аударушылар.
Айтқандай, осы бағытта бағдарламаға бір¬қатар өзгерістер енгізу, азаматтардың ерікті қоныс аударуын одан әрі ынталандыратын қосымша шаралар жоспарлануда. Біріншіден, қоныс аударушыларға көшуге және баспана жалдауға субсидия беру, сондай-ақ қоныс аударушыларды орналастыру мәселелерін толық шеше отырып, тұрақты жұмысқа қабылдайтын жұмыс берушілерді де субсидиялау көз¬де¬луде. Екіншіден, «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» ар¬қылы қоныс ау¬да¬рушыларға қарыз бен субсидия берудің оңайлатылған жүйесі ендірілмек. Үшіншіден, байқау өткізусіз-ақ, оларға бау-бақша өсіруге, коммерциялық мақсаттарға және ауыл шаруашылық қызметіне тегін жер телімдерін беру қарастырылады. Бұған қоса, «Бизнес-бастау» жобасы бойынша оқудан соң жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар беру, қоныс аудару жеріне қарамастан, «Серпін – 2050»-дің «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасы бойынша түлектерді бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу ұсынылуда.
2017 жылға осы «еңбекке жұмылдыру» бағытына 710 млн теңге қарастырылған. Бұл қаржы 288 отбасының қоныс аударуын қамтиды, себебі қазіргі уақытта ішкі қоныс аударуға квота қарастырылған. Көрсетілген сома көшуге берілетін материалдық көмек пен 12 ай ішінде тұрғын үйді жалдауға жұмсалған шығындарды өтеуге берілетін субсидиядан тұрады. Оның мөлшері елді мекеннің орналасқан жері мен отбасы мүшелерінің санына байланысты әр отбасыға 34 мыңнан 68 мың теңгеге дейінгі аралықта қаражат беріледі.
Талдау жұмыстарының қорытындысы көрсет¬кендей, еліміздің солтүстік өңірлеріндегі қазіргі демографиялық жағдай сақталса, тек таяу 5 жылдың ішінде ондағы экономикалық белсенді халық саны 167 мың адамға азаяды. Сол себепті, солтүстік өңірлерге көшуге ниет білдірген адамдардың бастамасына қуатты қолдау білдіру бірінші кезектегі мәселе.
Аймақтарда кадрлар даярлау бойынша үміт¬керлер тізімін құратын 1844 мобильді топ құрылды. Сервис және қызмет көрсету, техникалық, техно¬логиялық, ауыл шаруашылығы салаларында 586 біліктілік бойынша жұмысшы кадрларын дая𬬬¬лау үшін 317 білім беру ұйымынан және 271 ба¬сым¬дықты мамандықтан тұратын тізім анық¬талды. Бағ¬дар¬ламаның қатысушылары санатына оқу орындарына түспей қалған 9-11 сыныптар-дың түлектері, жұмыс іздеп жүргендер, өмірдің қиындығына тап болғандар, аз қамтылған отбасылардың мүше¬лері және басқа да санаттағы азаматтар жатады. Бағдарлама қатысушыларына шәкіртақы төле¬неді, бір рет ыстық тамақ беріледі және жолақысы тө¬ленеді. Биыл бюджеттік қаражатқа қосымша қажеттіліктер жергілікті бюджеттердің есебінен қаржыландырылуда. Істің мұндай беталысы әкім¬дік¬терді неғұрлым нақты есеп жүргізуге және кәсіп¬керлердің нақты жобаларына қаржы бөлуге ынта¬ландырады. Сонымен бірге, экономиканы не¬сие¬леудің ішкі нарығындағы ағымдағы жағдай «Биз¬нестің жол картасы – 2020» бағдарламасына тұжы¬рымдамалық өзгерістер енгізуді талап етеді.
Мамандардың пікірінше, несиелер бойынша құбылмалы сыйақы мөлшерлемесін енгізу қажет. Бүгінде субсидиялау жүзеге асырылатын несиелер сыйақысының шекті көлемі 19 пайыздан аспауға тиіс. Бірақ еліміздегі қарыздардың өзіндік құнының бағдары болып табылатын Ұлттық банктің базалық ставкасы небәрі 10,5% пайызды құрайды. Іс жүзінде мемлекет несие қаржыларының құнын едәуір артық төлеп отыр.
Жалпы, бұл мәселе алдағы уақытта шешімін тапса, бүгін қабылданып жатқан шаралар экономика өсімін ынталандыратын тетіктердің бірі болып табылады.
Ж.ӘЛМАХАН.