Мемлекет басшысы сұхбат барысында рухани жаңғыру үдерісіне қатысты өзекті сұрақтарға жауап беріп, конституциялық реформадан күтілетін нәтижелер жөнінде айтты.
Сондай-ақ, Қазақстан Президенті халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесін өткізудің маңыздылығына тоқталып, оның жұмысы аяқталғаннан кейін кешен нысандарын пайдалану жос¬пары туралы ой бөлісті.
Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев отандық туризмді дамытудың перспективалары және өңірлердегі мәдени-туристік кластердің қалыптасуы жөнінде әңгімеледі.