ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА АЙМАҚТА АПАТТЫ МЕКТЕПТЕР БОЛМАЙДЫ

Облыстағы 11 мектептің құрылысын жүргізу үшін өңір бюджетінен 4,1 млрд теңге бөлінген. Нәтижесінде, 8-і пайдалануға берілді, қалғаны тамыздың 25-де тапсырылады. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық білім басқармасының басшысы Бақытжан Сайлыбаев алғашқы жартыжылдықта атқарылған жұмыстар жайын баяндады.
Өткен жылы 1-сыныптан бастап жаңартылған білім беру мазмұны өзгертіліп оқытылу басталды. Бастысы бағалау жүйесінде, білім беру оқулықтары өзгертілген. Сонымен бірге, жоғары сыныптарда жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен көшуді ұйымдастыру бойынша облыста 46 инновациялық мектептер жұмыс жасауда. Бүгінгі кезде Назарбаев зияткерлік мектебі және олардың базалық мектептері тәжірибесінің негізінде инновациялық білім беру ұйымдарындағы 5-11 сыныптар аралығында ағылшын тілі пәні аптасына 5 күн оқытылады.
Сондай-ақ, биылғы жылы 2221 түлек ЖОО-ның грантына қол жеткізген, оның 162-і облыс әкімінің арнайы грантына ие болатындар. ҰБТ-ға қатыспаған мектеп бітірушілер болса колледждерде білім алуларына мүмкіндіктері бар. Биыл 62 бала Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарына түсті. Алдағы жылы Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларының жоғары оқу орнын 82 бала бітіріп келеді.
Баспасөз-конференцияда мектепке дейінгі тәрбие ордаларының мәселесі де сөз болды. Балабақша балаларын тасымалдайтын көліктер ендігі жерде МАИ қызметінен арнайы рұқсат алады. Көліктер сары түске боялып, сары түсті дабыл белгісі орнатылуы қажет.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 тамыз 2017 г. 610 0