БИЫЛҒЫ ГРАНТ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ ШЫҚТЫ

Биылғы мемлекеттік білім гранттарын бөлген республикалық комиссия өз жұмысын қорытындылап, грант иелерін анықтады.
Жұртшылық асыға күтіп отырған білім гранттары иегерлерінің тізімін Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтынан көруге болады. Талапкер https://res.testcenter.kz/#/login/2017/17   сілтемесі арқылы өтіп, арнайы жолаққа рұқсатнамадағы тестіленушінің жеке коды мен ЖСН-ді енгізіп, грантпен оқуға түскен-түспегенін біле алады. Алайда адамдардың көп кіруіне байланысты сайт бір ашып, бір ашпай тұр. Ал толық тізім дүйсенбі күні "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттеріне шығады.
Айта кетейік, республика бойынша ҰБТ-ға қатысу үшін 86999 мектеп бітіруші өтініш берген, ол жалпы мектеп бітірушілердің 71,85% құрайды. Оның ішінде: қазақ тілінде – 63025 (75,63%), орыс тілінде – 23974 (63,49%). ҰБТ-ға қатысуға өтініш бергендердің ішінен 84079 мектеп бітіруші тестілеуге қатысты. Аудиторияда тәртіп сақтау ережесін бұзғаны және тыйым салынған заттарды қолданғаны үшін 38 мектеп бітірушінің тест нәтижесі жойылды.
Қорыта келгенде, 2016 жылы 84041 мектеп бітіруші немесе олардың жалпы санының 66,40%-ы ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті. Оның ішінде: 61706 қазақ тіліндегі, 22335 орыс тіліндегі мектеп бітірушілер. ҰБТ-ға барлығы 4893 жалпы орта білім беру ұйымы қатысты.
Тестілеуге қатысуға өтініш берген мектеп бітірушілердің санынан ҰБТ-ға қатысу үлесі жағынан келесі аймақтар жоғары болды: Оңтүстік Қазақстан облысы – 98,05%, Жамбыл облысы – 97,01%, Атырау облысы – 96,31%. Төмен көрсеткіштер Астана қаласы Алматы қалаларында – 92,43% және 84,38% , Республикалық мектептер арасында - 84,63% байқалды.
ҰБТ нәтижесі бойынша (конкурсқа қатысты пәндер бойынша) ҰБТ-ға қатысқандардың жалпы санының 14252 немесе 16,96% мектеп бітіруші – 0-ден 49 балға дейін жинап, білім деңгейінің төмендігін көрсетті (2015 жылы ҰБТ-ға қатысушылардың 15467-і немесе 18,58% өту деңгейі – 50 балдан аса алмаған).
Республика бойынша ҰБТ-ның орташа балл нәтижесі конкурсқа қатысты пәндер бойынша 65,96 балды құрады (2015 жылы 65,39 балл болған).
Конкурсқа қатысты пәндер бойынша 6231 немесе мектеп бітірушілердің жалпы санының 7,41%-ы тоқсаннан жоғары балл жинады.
Мектеп бітірушілердің 14887-сі немесе 17,71% 50-ден 59 балға дейін жинады, 20288 мектеп бітіруші немесе 24,14% 60-тан 70 балға дейін жинады, ал 71-ден 89 балға дейін 28383 мектеп бітіруші немесе 33,77% жинады.
Биыл республика бойынша 19 бітіруші ұлттық бірыңғай тестілеуде 125 балл жинап, ең жоғары нәтиже көрсетті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 тамыз 2017 г. 751 0