Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы үлкен серпін беріп, нәтижесінде облыста соңғы 6 жылда жаңа 20 жаңа өндірістік кәсіпорындар іске қосылды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.
Бағдарлама аясында бүгінде облыс халқының 60%-ы көгілдір отынның игілігін көріп отыр. Аймақты газдандыру жобасымен инвесторларды ауылдарға да тартып, бизнесті дамытуға оң жағдай жасауға мүмкіндік берді.