ТУРИЗМГЕ ҚАНАТ БІТІРГЕН КӨРМЕ

Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі тек жаңа технологиялар мен ғылыми жаңалықтардың алаңы ғана емес, сан ұлттың мәдениетін тоғыстырар танымды шараға айналды. Сондай-ақ, шетелдіктердің қазақ халқының өткенімен танысуына жол ашылды. Бұл отандық туризмнің өрістеуіне мүмкіндік берді. Қазіргі таңда көрме аясында сырттан келген қонақтарға еліміздің көрікті жерлері таныстырылуда. Мұндай игі істен Сыр өңірі де сырт қалған жоқ.
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында туристерге таныстырылатын нысандар қатарына Сыр өңірінен Қорқыт ата мемориалды кешені мен «Байқоңыр» ғарыш айлағы енгізілген болатын. Бірі – болашаққа ¬деген бағытымыздан хабар берсе, бірі тамырлы тарихымыздан сыр шертеді. Бүгінде әлем Қазақстанды жұлдызды қаласы арқылы таниды. «Байқоңырдың» еліміздің брендіне айналғанын осыдан білуге болар. Ал Қорқыт – түркі жұртына ортақ абыз. Тамырлас халықтардың ортақ тұлғасына арналған кешен қазір  тарихы бір ұлттардың рухани байланыс орнына айналып келеді.
Елордада өтіп жатқан ха¬лық¬¬аралық көрме барысында аталған нысандарға келушілер саны еселеп артты. Әсіресе Қорқыт ата кешені мен жанынан ашылған этноауылды тамашалушылардың қарасы қалың. Көшпелі¬лер мәдениетіне қызық¬қан қонақтар, этноауылдан біраз мәліметке қанығады. Жағалай тігіл¬ген киіз үйлерде қазақ¬тың қолөнері, киімдері, ұлттық тағамдары мен өнерін тамашалай алады. Сондай-ақ, ат спорты түрлері мен ұлттық ойындар да турис¬терге ұсынылуда. Қысқасы, өткенімізден хабар берер салт-дәстүрлеріміз тоғыстырылған.
Тарихымызбен таныстырар та¬ғы¬лымды орынға қазірдің өзінде 5 мың¬нан аса адам ат басын тіреген. Оның ішінде 15 мемлекеттен арнайы өкілдер мен туристер бар. Ашық аспан астындағы қазақ ауылына күніне 100-ден астам адамның жолы түседі. Онда таңғы 8-ден кешкі 10-ға дейін қызмет көрсетіледі. Этноауыл қазан айының 15-не дейін ашық болады деп жоспарлануда.  
Сонымен қатар, жұлдызды қаланы да жаңа бағытта дамытып, туристік әлеуетін арттыру көзделіп отыр. Сондықтан қазір мұнда туризмді дамыту үшін біршама шаралар жасалуда. Жұлдызды қалашықты аралаудың өтініш мерзімі 45 күннен 10 күнге қысқартылды. Туристік пакетке ғарыш айлағы мұра¬жайы мен Юрий Гагарин тұрған үй кіргізілді. Сондай-ақ, сәйкес келсе, қонақтарға зымыран ұшырылымын тамашалау мүмкіндігі бар.
Бүгінде барша жұрт «Байқоңырды» танығаны¬мен, онда болу мүмкіндігі бар екенінен бейхабар. Жақында «ЭКСПО-2017» көрмесінің 36 комиссары «Союз – ТМА» зымыран тасығышының  ұшы¬рылымына куә болды. Әуе кемесінің көкке көтерілуі туристерге ұмытылмас сәт сыйлады. Аспанға алғаш жол салған айлақта болу шетел¬діктерді ерекше әсерге бөлегені сөзсіз.
Елімізде өтіп жатқан халықаралық көрме Қазақстанды әлемге танытудың тағы бір жолы болды. Осы арқылы аймақтарда ауқымды шаралар жүзеге асты. Алаштың анасы атанған Сыр өңірінде де салмақты істерге бастама жасалды. Соның ішінде туризм саласындағы серпінді істерге жол ашылды дей аламыз.    
Мәди ҚҰРМАНӘЛІ.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 тамыз 2017 г. 651 0