Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында екінші деңгейлі банктер арқылы жеңілдетілген несиеге 50 шағын және орта бизнес субъектісі қол жеткізді. Пайыздық үстемені субсидиялау құралы арқылы жеңілдікпен жүзеге асқан жобалардың саны өткен жылмен салыстырғанда 58 пайызға артқан.
Жалпы сомасы 1,9 млрд теңге көлемінде несие беріліп, кәсіпкерге несиесін өтеудің ауыртпалығын жеңілдету мақсатында мемлекет тарапынан үстеме пайызы субсидиялануда. Мемлекет есебінен төлен¬ген субсидияның сомасы бірінші жартыжылдықта 374 млн теңгені құрап отыр.
Банкте кепіл мүлкі қажеттілігі кезінде кепіл¬дендіру құралын пайдаланылатын жобалар саны 4 есеге көбейді. «Даму» қорының бөлшек кепіл¬дендіру құралының көмегімен кәсіпкерлердің кепіл мүлкінің жетіспеушілігі мәселесін шешуге мүмкіндіктері бар.
Айта кету керек, аймақта шағын және орта бизнесті несиелендіру бойынша ең белсенділер қатарынан «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және «БанкЦентрКредит» АҚ көрінуде. Салалар бойынша қолдау тапқан жобалардың басым бөлігі өңдеу өнеркәсібі, транспорт және қойма қызметі, тұрғын үй мен тамақтану бағыттарында жүзеге асырылып келеді.
«Даму» қорының Қызылорда қаласындағы ¬Кәсіп¬керлерге қызмет көрсету орталығында 2017 жыл-дың бірінші жартыжылдығына 2564 әлеуетті және әрекет етуші кәсіпкер қызметтерге жүгінген. Қор кеңесшілерімен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің 38 жобасы қаржыландыруға дейін сүйемелденді, 68 адам ресми түрде өз бизнесін тіркеді.
Сонымен қатар, «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» бағдарламасы аясында бизнес құру мен дамытуды мақсат еткен 73 қатысушы оқудан өтті. Оның ішінде 19 қатысушы жеке кәсіпкер ретінде ресми тіркелген. Шағын және орта бизнес басшыларының біліктілік құзыреті деңгейін көтеруге бағытталған «Шағын және орта бизнес топ-менеджерлерін оқыту» жобасы бойынша «Назарбаев Университеті» АҚ базасындағы бизнестің жоғары мектебінде 9 кәсіпкер оқудан өтті.
Жыл басынан бері «Даму-Көмек» бағдарламасы бойынша 17 мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге демеушілік көмек көрсетілді. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығына «Даму» қорының филиалы тарапынан «Өзгерістерге ұмтылыс» атты бірінші мүгедектігі бар кәсіпкерлердің облыстық форумы ұйымдастырылды. Форум аясында мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлердің қолынан шыққан өнімдер мен көрсететін қызметтер ұсынылған көрме өтті. Көрмеде 20-дан аса естелік сыйлықтардан құрылыс материалдарына дейінгі түрлі тауарларын назарға ұсынды.
Ш.АЛТЫНБЕКҚЫЗЫ.