АРТ-ОРТАЛЫҚТАҒЫ АЙРЫҚША ЭКСПОЗИЦИЯЛАР

Шығармашылық энергия аймағындағы Арт-орталығының экспозициясы өнертанушылар арасында біршама пікірталас туғызып, көрермендердің көңілдерінен шығары сөзсіз.
Жасанды зерде шығармашылық тұлғаны алмастыра ала ма? Artists&Robots экспозициясының ұйымдастырушылары көрермен¬дерге осы сұраққа жауап беруді ұсынады. Оған 13 елдің 17 атақты суретші-модернистері қатысқан болатын. Басты сауал: жасанды зерденің шығармашылыққа бейімділігі. Әр суретші өз нұсқасын ұсынып отыр. Суретшілердің алуан түрлі эстетикалық тұжырым¬дамалары арасында бір нәрседе үйлесім табылған сияқты: IT-сфера суретшілерге ең батыл шешімдерін жүзеге асыруға жаңа құралдар ұсына алады.
Бірнеше жылдан бері әлем музейлері бойынша көшіп жүрген көрменің бастамашылары – «сан¬дық өнердің» пионері Мигель Шевалье және «Grand Palais» Фран¬цияның Ұлттық музейлер бірлестігінің даму бойынша директоры Жером Нетр. Суретші-экспериментаторлар тобы IT-технологиялар жетістіктерін пайдалана отырып, көркемөнер мен мүсін өнерінің жаңа пішіндерін жасауда.
Көрген дүниелерді терең ұғыну үшін Арт-орталық кинозалмен жабдықталған. Мұнда қонақтарға көркемөнер, мүсін, архитектура және дизайнның жаңа бағыты – модернизмнің даму тарихы туралы фильмдер көрсетіледі. Бейнежазбалар «Гараж» мәскеулік заманауи өнер музейімен ұсынылған.
Artists&Robots экспозиция¬ларының залы адамзат болашағын елестететін суретші Ракель Коган¬ның «Reflexão (Кескін)»: сандық ағындағы шексіз жол – сандық инс¬талляциясымен ашылады. Қарама-қарсы қойылған ¬айналар шек¬сіздікті елестетсе, көрме келу¬ші¬леріне проекцияланатын сандар «Матрица» қиял-ғажайып фильмнің басындағы кадрларымен пара-пар. Көрмедегі әр экспозиция өзінше ерекше. Элиас Креспиннің «Trialineados» ¬композициясы неонмен жарықтандырылып, мөл¬дір нейлон жіптеріне ілінген үшбұрышты жақтаулардан тұра¬тын мобильді жүйе. Ал пор¬ту¬галдық Лионель Мура интер¬активті тәртіпте абстрактылы экспрессионизм стилінде сурет салып, программистердің көмегімен қоршаған ортаны түйсіне алатын 7 роботты ұсынған. Sculpture Factory («Мүсіндер зауыты») тобы көрермендерді Микеланджело мүсіндерінің ¬заманауи түсініктерімен таныстырады. Сон¬дай-ақ, театрландырылған инсталляция ұсынылады.
Сонымен қатар, Джеймс Кэмеронды «Терминатор-2» фильмін түсіруге шабыттандырған Стеларктың (Стелиос Аркадиу) «Үшінші қол» механикалық нысаны да ұсынылып отыр. Ол Йокога¬мада (Жапония) Waseda уни¬верситеті суретшісінің эскизі бойынша жасалған.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 тамыз 2017 г. 492 0