Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына сәйкес, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз – 10 жыл жетістігі» туралы оныншы мерейтойлық байқау конкурсын ұйымдастыру басталғанын хабарлайды. Конкурстың мақсаты – жеке кәсіпкерлік субъектілерді ынталандыру.
Конкурс жыл сайын өңірлік және республикалық деңгейлерде келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын»
«Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын»
«Үздік ұжымдық шарт»
«Экологияға қосқан үлесі үшін»
«Парыз» конкурсы туралы толық ақпаратты алу үшін Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына хабарласуларыңызға болады.
Мекен-жайы: Қонаев көшесі, 122, Қабанбай батыр көшесінің қиылысы.
Анықтама телефондары: 261-67-71, 272-89-38.