МЕКТЕПКЕ БАРАТЫН БАЛА КӨМЕКСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

Облыста тоғыз жыл қатарынан дәстүрлі түрде 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтетін «Мектепке жол» республикалық акциясы басталды. Осы жылы бастама «Менің таңдауым-балаларға көмек көрсету!» ұранымен өткізілмекші. Бұл жайында Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Құралай Ерташова хабарлады.
Басты мақсаты - акция аясында көмек көрсетуді қажет ететін балалардың тізімі әзірленеді, аталған тізім бойынша балалар әр мекемеге бекітіледі. Мемлекеттік органдарды, бизнес-құрылымдарды және үкіметтік емес ұйымдарды акцияға тарту үшін тұрмысы аз қамтылған және көп балалы жанұялардың хал-жағдайы туралы мәліметтер жіберілуде.
Сондай-ақ, баспасөз мәслихатында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Шаризат Алмашова да басқарма тарапынан 40-50 балаға демеушілік жасайтындарын жеткізді.
ОІІД-нің жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімшесінің аға инспекторы Раушан Әбдіразақова «қауіпті топ» балаларын анықтау мақсатында арнайы рейдтер ұйымдастырылып жатқанын айтты.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 тамыз 2017 г. 659 0