КООПЕРАТИВТЕР ҚАЛАЙ ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛАДЫ?

Елбасы алдағы 5 жылдың ішінде 500 мыңнан астам үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге біріктіру міндетін қойды. Осыған орай, Үкімет Қазақстан Республикасындағы агроөнеркәсіп саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бе-кітті, оның негізгі мақсаты бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіп кешенінің өнімін нарыққа шығару болып табылады.
Жаңа аграрлық бағдарламаның бұған дейін жүзеге асырылған стратегиялардан басты ерекшелігі жеке, шағын шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтардың әлеуетін арттыру үшін, оларды кооперативтерге біріктіріп, осы арқылы ауылдағы әлеуметтік өмір деңгейін жоғарылатуға жол ашу керек. Сондықтан АӨК-ні дамыту бағдарламасының негізгі мақсаттарының бірі шағын және орта шаруашылықтарды ауылшаруашылық кооперациясына тартуымыз керек. Осы күні ауылшаруашылық өнімінің 80 пайыздан астамы же-ке қосалқы қожалықтарда шығарылып, алайда, өңдеу өнеркәсіптеріне дейін бұл өнім жетпей жатады. Кооперативтерге біріктіру арқылы шешілетін негізгі мәселе – логистика. Қазақстан жыл сайын, сұйық май, ірімшік, жеміс консервілері, қант және т.б. азық-түлік өнімдерін импорттайды. Кооперация шеңберінде ауылшаруашылық тауарын өндірушілер өз тауарын өндіріп, ал, кооперативтер оны қала немесе кәсіпорынға дейін жеткізіп тұрады. Бұл өте маңызды. Жалпы, мемлекеттік саясат ауылшаруашылық кооперативтерінің қызметіне жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған. Шаруашылықты осы тұрпатта жүргізу үшін салық төлеу, несиелеу мен қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету мақсатында барлық жағдай қарастырылған.
Ауылшаруашылық өнімін шығарушының шеккен шығындарын өтеу тұрғысында мемлекет мал шаруашылығына және асылтұқымды мал шаруашылығын дамытуға; тұқым шаруашылығына, өңдеу кәсіпорындарының ауылшаруашылық өнімін сатып алып, мал және өсім-дік шаруашылығындағы өнімді терең өңдеуге; өсімдік шаруашылығындағы сақтандыруға; инвестициялық салым шығынының бір бөлігін өтеуге; кепілді және сақтандыру несиелеріне, қосымша құн салығының есептелген салығының шегінде бюджетке төленген қосымша құн салығының сомасына бөледі. Сонымен қатар, қаржылық тұрғыдан жақсарту мақсатында бөлінетін несие мен лизингтік міндеттемелердің пайыздық жарнасына, несие бойынша сыйақы жарналарына және технологиялық қондырғылар мен ауылшаруашылық техникасына лизинг бойынша, ауылшаруашылық кооперативтерінің ревизиялық одақтарының ауылшаруашылық кооперативтерінің ішкі аудитін өткізу шығынына, көктемгі егіс науқанын несиелеуге субсидия бөлінеді.
Ауыл шаруашылығы министрлігі жоғарыда көрсетілген басым бағыттардың жаңартылған ережелерін, өнімді жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасының шеңберінде микроқаржы ұйымдары мен несие серіктестіктерінің ауылды жерлер мен шағын қалаларда беретін микронесиеге кепілдік беріліп, микроқаржылық ұйымдардың операциялық шығындарын субсидиялау ере-желерін бекітті. Енді ауылшаруашылық тауарын өндірушілерден түскен өтінішті қарастырған кезде, жергілікті атқарушы органдар тара-пынан ауылшаруашылық кооперативтерін қаржыландыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен әлеуеті зор АӨК бағытындағы мәселелер, ауыл шаруашылығын қолдауға бөлінетін бюджеттік қаражатты бөлу жайы бірінші кезекте қарастырылатын болады.
2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджетте 2017-2021 жылдары ҚР Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағ-дарламасын жүзеге асыру үшін, шамамен 571,3 млрд теңге бөлініп отыр. Оның ішінде, 2017 жылы – 226,9 млрд теңге, оның ішінде республикалық бюджетті нақтылау барысында қосымша 41,6 млрд теңге бөлінді. 2018 жылы – 178,5 млрд теңге, 2019 жылы 165,9 млрд теңге қарастырылатын болады. Тұрғындарды өнікті жұмыспен қамтып, азаматтарды кәсіпкерлікпен шұғылдануға тарту үшін, 2017-2019 жылдары өнікті жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының шеңберінде, Ауыл шаруашылығы министрлігі 2017-2019 жылдарға 7 жыл мерзімге 18 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несие беруі үшін республикалық бюджеттен 84,1 млрд теңге бөлініп отыр, оның ішінде 2017 жылы – 27,1 млрд теңге; 2018 жылы – 28,4 млрд теңге; 2019 жылы – 28,6 млрд теңге.
Ауылдық жерлер мен шағын қалалардың тұрғындарына микронесиелер «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ тарапынан қаржыландырылатын микроқаржылық ұйымдар мен несие серіктестіктері арқылы беріледі. 2017-2019 жылдары өнікті жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020»-ның орнын басты. Осы бағдарлама аясында ауылда өндірістік кооперативтер құру көзделіп отыр. Сонымен қатар, оларға мемлекеттік қолдаудың түрлі шаралары жасалып, соның арқасында ауылды жерлерде жұмыс орындары пайда болады. Аграрлық саланың жаңа мақсаттарын жүзеге асыру арқылы ел дамуының тұрақтылығы қамтамасыз етіліп, еңбек өнімділігі артады, сөйтіп, тұрғындардың басым көпшілігінің әлеуметтік өмір деңгейі жоғарылай түседі. Қосалқы шаруашылықпен айналысатын ауыл тұрғындары өз өнімін кооперация арқылы тауар өндірісіне тарта алады, сөйтіп, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор үлесін қосады. Өз кезегінде, ел Үкіметі агроөнеркәсіп кешенін қалыптастыруға, АӨК экспортты аграрлық өнімді шығару жөнінен әлемдегі ірі кешендердің бірі болатындай барлық жағдайды жасап отыр.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 тамыз 2017 г. 789 0