КӨРМЕ АЯСЫНДА КОСТА-РИКАНЫҢ ҰЛТТЫҚ КҮНІ Х.ГИЛЬЕРМЕ: ҚАЗАҚСТАН БАТЫЛ БАСТАМАЛАРДЫ ӨТКІЗУ ЖОЛЫНДА НЕГІЗГІ ЕЛ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ

25 шілдеде ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған Көрме аясында Коста-Риканың Ұлттық күні атап өтілді. Коста-Рика Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Христиан Гильерме әлемдік деңгейдегі маңызды іс-шараға қатысу мемлекет үшін үлкен құрмет екенін атап өтті. Христиан Гильерменің айтуынша, Коста-Риканың тұрақты дамуы мен қоршаған ортаны ластамауы Латын Америка елдері арасында келушілер саны жоғары ел болуына мүмкіндік береді.
– Халықаралық қауымдастық ядролық қарусыз әлемді құруға талпынады. Бейбітшілік пен қауіпсіздік адамзат үшін басты құндылық болып табылады. Қазақстан – ядролық қарудан бас тарту сияқты батыл бастамаларды өткізу мен оларға қолдау көрсету жолында маңызды ел. Мысалы, 1991 жылы Қазақстан Семей полигонын жабу туралы дұрыс шешім қабылдады. Аталған маңызды мәселелер бойынша Коста-Рика Қазақстанды қолдайды. Еліміз ядролық қаруға қарсы жаһандық бастаманың бастаушысы болып табылады. Бұл өз кезегінде Коста-Риканың қарусыздандыру мәселесін талқыға ұсыну өкілеті халықаралық деңгейде мойындалғанын көрсетеді.  Әлем болашағы үшін осы маңызды мәселені Қазақстанмен бірігіп шешетіндігімізге сенімдімін – деді Елші.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің вице-министрі Ләзат Ақтаева қатысушы елдердің Ұлттық күндерін өткізуі ел мәдениеті мен дәстүрін көрсетуге мүмкіндік беретіндігін атап өтті. Қазақстан Республикасы мен Коста-Рика Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1996 жылғы 1 қазанда орнатылды. Вице-министрдің айтуынша Коста-Рика Республикасының ұлттық күнін өткізу екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың даму жолында жаңа мүмкіндіктер береді.
– Қазақстан Коста-Рикамен саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастығын кеңейтіп, дамытуға мүдделі.  Атап айтқанда, міндетті медициналық сақтандыру, медициналық ұйымдарды аккредиттеу, медициналық туризм және басқа да басым бағыттар бойынша, – деп ескеріп өтті Ләзат Ақтаева.
Қазіргі кезде Коста-Рика пайдаланатын электр энергияның 99 пайызын баламалы энергия көздерінен өндіреді. Аталған көрсеткіш әлемдегі ең жоғары көрсеткіш болып табылады. Коста-Рикада энергияның 65 пайызын су электр станциялары және 15 пайызын жел энергиясы өндіреді және қалған бөлігі күн мен  геотермальды энергияға тиесілі. ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрме аясында Коста-Рика Республикасының әсем безендірілген стенді Коста-Риканың табиғаты мен мәдениеті көрініс тапқан.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 шілде 2017 г. 600 0