ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «EXPO 2017 FOOTBALLCUP» ФУТБОЛ ТУРНИРІ ӨТЕДІ

Дүниежүзілік футбол жұлдыздары «Астана Арена» алаңында ойнайды. Астанада Халықаралық «Expo 2017 FootballCup» футбол турнирі ұйымдастырылады. Бұл туралы пресс-конференция барысында «Астана ЭКСПО-2017»ҰК»АҚ Даму және туризм департаментінің директоры Аллен Чайжунусов хабарлады. Ол өз сөзінде осы турнирді Қазақстан астанасында алғаш рет орын алатын бірегей іс-шара деп сипаттады.
 – 5-6 тамызда өтетін Халықаралық «EXPO 2017 Football Cup» турнирінде Қазақстан, Ресей, Италия, Германия, Португалия және әлемдік құрама командалар «Астана арена» алаңында кездеседі. Бұл бірегей шара Қазақстан астанасында алғаш рет өткелі тұр, – деп хабарлайды Аллен Чайжунусов.
 Қазақстан Футбол Федерациясы Президенті Сейльда Байшаков мемлекеттік құрамада Олег Воскобойников, Игорь Авдеев, Андрей Карпович, Қайрат Аубакиров, Мұрат Тлешев, Нұрбол Жұмаскалиев және Андрей Финонченко және басқа да отандық футбол ардагерлері ойнайтынын атап өтті. Сонымен қатар, ол Халықаралық турнир аясында футбол жанкүйерлерімен кездесу және спорттық мектеп тәрбиеленушілеріне шеберлік сабақтар өтетінін хабарлады.
 – Турнир шеңберінде бірнеше шаралар өтеді. 4 тамызда 17.30- да ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Амфитеатрда командалардың футбол жанкүйерлерімен кездесуі, фото және қолтаңба қою сессиялары өтеді. 6 тамызда сағат 10.00-ден 12:00-ге дейін балалар-жасөспірімдер спорттық мектеп тәрбиеленушілеріне ойыншылар қатысуымен шеберлік сабақтар ұйымдастырылады, – дейді Сейльда Байшаков.
 Ұйымдастырушылардың айтуынша, футбол жарысы билетінің құны 2000 теңге болады. Алған билет арқылы кешкі уақытта 18.30-дан кейін Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін тамашалауға болады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 шілде 2017 г. 641 0