Күн тәртібінде «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту шаралары талқыланды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымы primeminister.kz сайтынан және Facebook, Вконтакте, Twitter және Periscope әлеуметтік желілерінен көрсетілді. Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Ұлттық экономика, Қаржы, Инвестициялар және даму министрліктерінің басшылығының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.