« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Ел ішінен мешіт ашып, шариғат үкімін жүргізген Қолдас әулие кезеңінде табын Өмірқұл деген кісінің он екі мың жылқысы болыпты, бірақ бір перзентке зар екен. Осы кісі Қолдас әулиеге келіп: «Мыңғырған мал бітсе де, бір бала бітпеді, Алладан дұға тілеші, пірім, мен бір перзентті болайын» – деп сақалын жас жуып жылапты. «Ал, онда қолыңды жай, – деп Қолдас ұзақ отырып, дұға қылып, бата беріпті. – Қол бастайтын ұлың, ел сыйлайтын қызың болады» – депті. Тарихта Сәрке батыр деген аты қалған атақты тұлға осы батамен өмірге келген перзент екен. Өмірқұл дүниеден өтер шағында баласына «Қолдас әулиенің басына құлпытас қой» деп аманат қалдырыпты. Сәрке батыр Үргеніш жаққа мың жылқы айдап апарып, сол қаражатқа алтындаған құлпытас алып, әулиенің басына әкеліп қояды.
1926 жылы қызыл әскерлер күнмен шағылысып тұрған алтын құлпытасты «ақымақ көшпелілер осынша дүнияны өлген адамға қор қылыпты» деп бұзып алады. Бірақ олар дариядан өтіп бара жатып сол құлпытаспен бірге өздері де түгелдей суға кетіп өледі. Қолдас әулие аруағы оларға осындай жаза кеседі.
Бүгінде Қолдас әулиенің қызынан туған жиен Әзиза әженің көзі тірі. Ол кісі әулиеге зиярат етіп, талай кереметтерге куә болғанын айтып отырады. Бабамыздың мәңгілік мекені қазіргі Қазалы ауданы Кәукей елді мекенінің маңында.
Р.ДҮЙСЕНҰЛЫ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |