ҚАЗАҚСТАН ҮШІН САНДЫҚ ДЫБЫС ЖӘНЕ БЕЙНЕ САПАСЫ

Бүгінде телерадио арналарсыз біздің өмірімізді елестету тіпті мүмкін емес. Әр күн сайын осы сала мамандарының алдында хабар тарату сапасын жақсарту мен өзінің көрерменіне жол табатын бірегей контент құру тапсырмалары тұрады. Қазақстанда хабар тарату нарығының ірі көшбасшыларының бірі «Қазтелерадио» АҚ болып табылады.

«Қазтелерадио» акционерлік қоғамы – хабар тарату саласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық операторы, оның мақсаты, жерсеріктік және эфирлік хабар таратудың қазiргi заманғы цифрлық форматтағы хабар таратуға көшу бойынша ҚР мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру болып табылады. Компанияның қызметі ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен реттеледі.

«Қазтелерадионың» негізгі міндеті рес­публиканың барлық тұрғындары үшін отандық теле және радио арналарын жоғары сапада қабылдау мүмкіндігін және теңдей қол жетімді болуын қам­та­масыз ету болып табылады. Ол елі­міздің қала және ауыл тұрғындарының ара­сындағы ақпараттық теңсіздікті тө­мен­дету стратегиясының мақсатына сәй­кестелген.

2006 жылы Женевада өткен Аймақтық радиобайланыс конференциясында ана­­­логтық хабар таратудан цифрлық эфирлік хабар таратуға көшу туралы Халықаралық конвенция қабылданған болатын. Келісімге 104 елдің өкілдері қол қойды, оның ішінде Қазақстан да бар. Қазақстан Республикасының жаңа цифрлық технологияларға өту және ақпараттық теңсіздікті төмендету жобасын ұлттық оператор – «Қазтелерадио» АҚ тапсырылды.

2012 жылдың шілде айында индус­трияландыру күніне арналған теле­көпір аясында, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Астана қаласында медиа орталығында цифрлық эфирлік (жерүсті) хабар тарату желісін іске қосу рәсімі болды. Президент цифрлық хабар таратуды енгізу үдемелі индустрияландырудың бір тар­мағы деп атап өтті. Цифрлық эфирлік сапада ұлттық телеарналарды тегін көру мүмкіндігін бірінші болып Астана, Алматы, Қарағанды, Жезқазған және Жаңаөзен қалалары мен жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындары иеленді. Нәти­жесінде цифрлық эфирлік телевизия ел халқының 23%-на қолжетімді.

Бүгінгі күні 356 цифрлық РТС салынып, олар қазіргі заманғы хабар тарату құрал-жабдықтармен жабдықталған. Бұл Қазақстан халықының 77,5%-на отан­дық телеарналарды цифрлық сапада қабылдауға мүмкіндік береді.

Жобаны жүзеге асыру Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтары деңгейінде 30-ға жуық телеарналар және аудан мен ауылдық деңгейде 15-ке  жуық телеарналарды тегін қабылдауға мүм­кіндік береді. Қызметтер Маңғыстау, Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыс­тарында толықтай қолжетімді. 2018 жылы жобаның аяқталғаннан кейін 827 радиотелевизиялық станциялар (РТС) салынып, халықтың 95%-ы отандық телеарналарды цифрлық сапада қабылдайтын болады.

Цирлық эфирлік телевизия же­лі­сінің құрылысы басталғаннан бұрын 2011 жы­лы іске қосылған  «OTAU TV» жер­серіктік желісі жобасы іске қосылған болатын.

Және тек OTAU TV-дің арқасында отандық арналарды көруге мүмкіндігі жоқ шалғайдағы елді мекендерде енді 60-тан астам отандық теледидар және радио арналарын, 70 шетелдік арналар қолжетімді. Алты  жыл ішінде «OTAU TV» абоненттерінің саны 6500-ден 1,2 миллион отбасына дейін өсті.

2016 жылдың наурыз айынан қазан айына дейінгі уақытта компания­да үлкен жоба қолға алынған болатын. Ол  «OTAU TV» жерсеріктік телевизиясын шетелдік Intelsat-904 ға­рыш аппаратынан қазақстандық KazSat-3 жерсерігіне көшіру болатын. Қазақ­стандық «KazSat-3» жерсерігіне көшу көрермендерге қосымша SD арналарды және HD (айқындығы жоғары арналар) арналарды көруге мүмкіндік берді, олар Тегін және Толық топтамаларында қолжетімді. Биылғы жылы, негізгі отандық «Хабар» және «Қазақстан», Kazsport телеарналары айқындығы жо­ғары сапада Тегін топтамасында іске қосылды. OTAU TV көрермендері өтуде тегін пакеті айқындығы жоғары форматында Астана қаласында өтіп жатқан «EXPO-2017» халықаралық көрмесін көруге болады.

Өкінішке орай, Қазақстан Респуб­ли­касының аумағында қызметі заңсыз болып табылатын шетелдік жерсерік операторлары (ШЖО) танымал болып табылады. Мәселе ШЖО Қазақстанда қызметті лицензиясыз көрсетеді, бұл қазақстандық пайдаланушылардың сол  операторларға қызметтері үшін төленетін қаражатының елден шет жаққа шығаруға әкеліп соғады, сондай-ақ хабар тарату сеткаларында қазақстандық телеарналардың болмауы, ұлттық заңнаманы бұзу болып табылады.

Бүгінгі күні OTAU TV өз көрермен­деріне 130 телерадиоарналардан тұратын қызықты контентті ұсынады, олардың ішінде  60-тан астам отандық теледидар және радио арналары және 70 шетелдік арналар. Біз алғашқы болып Қазақстанда Discovery топтамасынан өз абоненттеріміз үшін қазақ тілінде Discovery Shocase телеарнасын HD және SD форматтарында іске қостық.

Б.ПАНАБЕКОВ,

Қызылорда ОДРТ директоры.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 шілде 2017 г. 696 0