« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Тәуелсіздікке қол жеткізген ширек ғасыр ішінде еліміз толағай табыстарға қол жеткізді. Соның бірі – мемлекеттік шекарамыз шегенделіп, босағамыз бекіді, әлемдік аренада саяси салмағы артты. Тәуелсіздік пен шекара – егіз ұғым десек, қазақ елі өз алдына дербес мемлекет атанған тұста ең алдымен бар күш-жігерін мемлекеттік шекараны шегендеуге жұмсады.
Шекара қызметі әлбетте «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңға сәйкес жүргізіледі. ҚР Үкіметі шекара маңындағы әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағы шегінде осы Заңда айқындалған шекара режимі қолданылатын шекаралық аймақты белгілейді. Шекара режимі шекаралық аймаққа кірудің, онда уақытша болудың, тұрудың немесе орын ауыстырудың, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізудің белгіленген тәртібі болып саналады.
Заңның 29-бабы бойынша Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізудің, шекаралық белдеуге кірудің, онда уақытша болудың, тұрудың, жүріп-тұрудың және шекаралық белдеудің үстімен ұшуды жүзеге асырудың, Мемлекеттік шекарада және шекаралық белдеуде шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге қызметті жүргізудің, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізудің, Мемлекеттік шекараны бұзуға байланысты шекарадағы тосын оқиғаларды шет мемлекетпен шешудің белгіленген тәртібін сақтамау Мемлекеттік шекара режимін бұзу болып танылады.
Ал заңның 30-бабы мемлекеттік шекараны бұзушыларды анықтайды. Олардың қатарына мемлекеттік шекараны өткізу пункттерiнен тыс жерде немесе өткізу пункттерінде және мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда оны кесіп өтудiң белгіленген тәртібін бұза отырып, кез келген тәсілмен кесіп өткен немесе кесіп өтуге әрекеттенуші адамдар жатады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасынан заңсыз шығу мақсатында шетелге бара жатқан қазақстандық немесе шетелдiк көлік құралдарына кiрген немесе кіруге әрекет жасаған адамдарда да сол санатқа жатады. Сол секілді аумақтық суларға (теңiзге) немесе ішкі суларға, сондай-ақ шекаралық өзендер, көлдер және өзге де су айдындары суларының қазақстандық бөлігіне, осы суларға кірудің белгіленген тәртібін бұза отырып кiрген шетелдiк әскери емес кемелер және әскери корабльдер, оның ішінде су астымен Мемлекеттік шекараны кесіп өткен немесе Қазақстан Республикасының суларында жүзу және тұру кезiнде су астында болған шетелдiк сүңгуiр қайықтар және басқа да көлiк құралдары (объектілері) шекара бұзушыларға жатады. Белгіленген тәртіпті бұза отырып Мемлекеттік шекараны кесіп өткен, сондай-ақ Мемлекеттік шекарадан белгіленген әуежайларға немесе әуеайлақтарға ұшу кезінде не Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өту кезінде әуе кеңістігін пайдаланудың белгіленген қағидаларын бұзған әуе кемелері және өзге де, оның ішінде пилотсыз ұшу аппараттары шекараны бұзушылар болып танылады.
Шекаралық белдеуге кіру, онда уақытша болу, тұру немесе жүріп-тұру және шекаралық белдеудің үстімен ұшуды жүзеге асыру заңның 24-бабы аясында жүзеге асырылады. Осы бап тармақтары бойынша адамдардың ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің рұқсатынсыз шекаралық белдеуге кіруіне, онда уақытша болуына, тұруына немесе жүріп-тұруына тыйым салынады. Адамдардың шекаралық белдеуге кіруі жеке басын куәландыратын құжаттары және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі беретін арнайы рұқсаттамалары болған кезде сол үшін белгіленген орындарда жүзеге асырылады. Жергілікті атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың басшыларын өз қызметтік міндеттерін орындаған кезде шекаралық белдеуге өткізу жеке басын куәландыратын құжаттар болған кезде сол үшін белгіленген орындарда іске асырады. Халықаралық ұшуды орындамайтын әуе кемелерінің әуе кеңістігінде шекара кеңістігінің өзге де аумағының үстінен ұшуы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін хабардар ете отырып, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің рұқсатымен орындалады.
Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құзыреті белгіленген. ҚР Ішкі істер министрлігі дербес немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне, онда уақытша болуына, тұруына және жүріп-тұруына бақылауды жүзеге асырады. Сонымен қатар, шекаралық аймақта тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға шекаралық аймақ тұрғынының куәліктерін, сондай-ақ шекаралық аймақта тұрақты тұрмайтын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жеке немесе ұжымдық рұқсаттамалар беру тәртібін айқындайды, шекаралық аймақта және шекаралық белдеуде қоғамдық-саяси, мәдени және өзге де іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі ұстаған адамдарды Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес ішкі істер органдарының тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторларында ұстайды.
Заңның 62-бабы бойынша Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының құзыреті анықталған. Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде Мемлекеттік шекараны қорғау үшін жағдайлар жасауға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді шығарады. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін шекаралық кеңістіктегі ахуалға қатысы бар мәселелер бойынша хабардар етеді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мемлекеттік шекараны қорғау және күзету мұқтажы үшін жер учаскелерін береді. Сондай-ақ мемлекеттік шекараны қорғауды жүзеге асыратын уәкілетті органдарға көмек көрсетеді, олардың ұсынуларын және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де ден қою актілерін қарайды және орындайды. Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне Мемлекеттік шекараны қорғауды қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді.
Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Біз үшін Қазақстанның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтаудан маңызды міндет жоқ», —деген болатын. Еліміздің аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету үшін Мемлекет басшысы шын мәнінде орасан зор жұмыстар атқарып, біздің мемлекеттік шекарамызды толық айқындап, келісіп, заңдық тұрғыдан көршілерге ғана емес, халықаралық қауымдастыққа біржола мойындатты. Ал мемлекетіміздің шекарасы берік қолда деп сеніммен айта аламыз. Өйткені, шекара қызметінде жоғарыда аталған заң талаптары қатаң сақталған.
Шекарамыз берік, халқымыз аман, еліміз тыныш болсын!
2019-әскери бөлімі.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |