« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі құрамындағы шетелдік инвесторларды тарту бойынша жұмыс істейтін "KAZAKH INVEST" ұлттық операторының жұмыс істей бастағанына жуырда жүз күн толды. Компания басшылығы осы күнге орай Астана қаласында баспасөз брифингін өткізді.
– "KAZAKH INVEST" компаниясының алғашқы 100 күн жұмысы барысына талдау жасап, елдегі инвестициялық ахуалды нақтылап, инвесторлармен жұмыс істейтін нақты басым елдер тізімін анықтадық. Сондай-ақ, біз компанияның кейбір ішкі үдерістерін түзеттік. Біз алдымызға қойылған міндеттеріміздің маңыздылығын ескере отырып, инвесторларды жан-жақты қолдау жұмысында жоғары халықаралық сапа стандарттарын ұстанамыз, – деді "KAZAKH INVEST" Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Мақсат Қабашев.
Басқарма төрағасының атап өткеніндей, 100 күн жұмыс ішінде шетелдік инвесторлармен бизнес-жобаларды ашу бойынша 90 кездесу өткізілді. Кездесулер Қазақстан экономикасының басым секторларына инвестициялар тартуға қатысты өткізілді. Олар машина жасау, фармацевтика, химия және мұнай-химия, агроөнеркәсіп секторы, металлургия, өңдеу өнеркәсібі салаларын қамтиды. Шетелдік компаниялармен 22 ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды. Олардың ішінде Yildizlar SSS Holding (Түркия, энергетика) және түркиялық MadenCilik/Calik Holding (Түркия, тау-кен металлургия кешені), S2 Global (АҚШ, машина жасау), AIAC (АҚШ, машина жасау), Metallwarenfabrik GmbH (АҚШ, тау-кен металлургия кешені), Linde Group (Германия, химия саласы), Ferrostaal (Германия, машина жасау) сияқты белгілі компаниялар бар. Қазақстанда өз бизнесін жүргізуге американдық, британдық, неміс, испан, қытай, түркия инвесторлары қызығушылық білдірді. Олардың ішінде Campofrio (Испания, мал шаруашылығы), Gruma (Мексика, тамақ өнеркәсібі), AGOMED (Польша, фармацевтика), Building and Construction Authority (Сингапур, инфрақұрылым), және түркиялық Madencilik, Grupo Cobra (Испания, энергетика, инфрақұрылым) компаниялары бар.
"KAZAKH INVEST" компаниясының шетелдік өкілдері есепті кезеңде әлеуетті инвесторлармен 160-тан астам кездесулер мен келіссөздер өткізді. Олардың ішінде АҚШ, Қытай, Түркия, Канада, Бразилия, Мексика елдерінің, соның ішінде 33 трансұлттық компания бар. Қазақстанға американдық, түрік және қытай трансұлттық корпорация өкілдерінің сапарлары ұйымдастырылды. Олар нәтижелі болып меморандумдарға қол қойылып, инвестициялау туралы шешімдер қабылданды. Жуырда Қазақстанда түрік бизнесі жобаларының іске қосылуы жоспарланып отыр. Олар Agrobest Group – Алматы қ. пестицид және гербицид өндірісі, Оңтүстік Қазақстан облысында Ufuk Tarım – химиялық және органикалық минералдық тыңайтқыштар өндірісі, Оңтүстік Қазақстан облысында Volkan Ambalaj – картон қаптамалар өндірісі, Ақтау қаласында Play Park – балалар ойын орталығы салалары болып табылады. Көрсетілген жобалар бойынша инвестициялардың жоспарланған көлемі шамамен 36 млн АҚШ долларын құрайды. Болашақта 300-ге жуық жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
2017 жылдың соңына дейін және 2018 жылы құны 7,7 млрд АҚШ долларын құрайтын 16 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарланды. Олар 7 жоба, 3 инвестициялық келісім-шарттарды қамтиды. Жоспарланған 11 жоба бойынша 7 салада құрылыс жұмыстары басталады. Олар химия өнеркәсібі, машина жасау, мұнай-химия, металлургия, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, мұнай-газ, энергетика саласы болып табылады.
Сондай-ақ, 2017 жылдың соңына дейін 6 реинвестициалық жобалардың іске қосылуы жоспарланған. Олар ALSTOM (Франция, трансформаторлар шығару), NYK Line (Жапония, құрылысы, автомобиль терминал), Heidelberg Cement (Германия, цемент өндірісі), Gold Aluminum (Түркия, алюминий профильдерін өндіру), ULKER (Түркия, кондитерлік өнімдер өндірісі), Kelun (Қытай, сояны қайта өңдеу,) жобаларын қамтиды.
Өңірлерде инвесторларды айтарлықтай қолдау бойынша жұмыстар атқарылды. 10 шілде күні 16 өңірлік директор және олардың 14 орынбасары тағайындалды (өңірлік директор облыс әкімдерінің штаттан тыс кеңесшісі қызметін атқарады). Шетелдік инвесторларды жергілікті жерде сүйемелдеу және мүдделерін қорғау өңірлік директорлардың және олардың орынбасарларының басты міндеттері болып табылады.
Бүгінде "KAZAKH INVEST" компаниясының өңірлік өкілдері инвесторлардың өзекті мәселелерін өңірлер әкімдерінің деңгейіне дейін жедел көтеру өкілеттілігіне ие болып отыр. Бұл инвесторларға жәрдем көрсетуге және бюрократия кедергілерін азайтуға мүмкіндік береді. Есепті кезеңде "KAZAKH INVEST"компаниясының аймақтық бөлімі өңірлерді зерттеу және шетелдік инвестицияларды тарту үшін аймақтарға шығатын болады.
Үстіміздегі жылғы 1 сәуір мен 11 шілде аралығында компанияның өңірлік бөлімімен 115 кездесу өткізілді және инвесторлардың 74 мәселесі қаралды. Оның ішінде 22 мәселе оң шешімін тапты.
"KAZAKH INVEST" компаниясы қазақстандық экспортты сүйемелдеу, ілгерілету және дамыту саласында қазақстандық бизнестің қатысуымен 146 қазақстандық және 600 шетелдік компанияларды қамтитын 10 елде 16 экспорттық іс-шара өткізді. Аталған мерзімде қол қойылған экспорттық келісімшарттар құны 95,4 млн АҚШ долларын құрады (азық-түлік, құрылыс материалдары, машиналар мен жабдықтар жасау, тыңайтқыштар, металлургия өнімдері, лак-бояу өнімдері). 10 ел бойынша (Тәжікстан, Қырғыз Республикасы, Ресей, Беларусь, Ауғанстан Ислам Республикасы, Армения, Грузия) сауда жүргізілді.
Дайындаған
Ж.ӘЛМАХАН.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |