ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚУАТ ЖӘНЕ РЕСУРС ҮНЕМДЕУШІ ТЕХНОЛОГИЯ

Қорқыт ата атындағы Қызыл­орда мемлекеттік универ­си­тетінің «Студенттер сарайын­да» «Құрылыс және мұнай са­­­ла­­ларының инновациялық қуат және ресурсүнемдеуші тех­но­­логиялары» тақы­ры­бын­да дөңгелек үстел өтті. Жиын­ды ҚМУ ректорытехника ғы­лымдарының докторыҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Қылыш­бай Бисенов ашыпжүргізді.

Дөңгелек үстел барысында Қазақстанның Еңбек Ері, Парламент Мәжілісі депутаты Абзал Ералиев, Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры, техника ғылымдарының докторы Серікбай Өмірзақов сөз алып, энергетикалық қорларды өңдеудегі жаңа технологиялар мен ресурстарды тиімді пайдалану мәселелерін саралады.

Қызылорда мемлекеттік универ­ситетінің ғалымдары өз еңбектерінде кәдімгі бетон, арболит, полистролбетон, көбікбетон өндірісінде күн қуатын пайдалану проблемасын қарастыруда. Ғалымдар кең көлемді зерттеулер жүргізіп, күн энергиясын өз бетінше немесе онымен бірге ішінара дәстүрлі қуат көздерін қолдану арқылы түрлі бетон бұйымдарын қатайтуға болатынын дәлелдеді. Сондай-ақ, күріш қауызы негізінде арболит алу мүмкіндігіне қол жеткізді. Сыр ғалымдарының жетістігі мұнымен бітпейді. Қызылорда мемлекеттік университетінің қабырғасында жасалған биопрепараттарды  пайдалану арқылы топырақты тазарту мониторинг технологияларының жоғары тиімділігін көрсетті. Мұндай зерттеулер мұнай және оның өнімдерінен ластанған аймақтарды қалпына келтіру үшін аса қажет.

Қорқыт ата университеті ғалым­дарының осы сынды жетістіктері әңгіме арқауына айналды. «Петро­Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ техникалық директоры, техника ғылымдарының кандидаты Ғалым Байманов мұнайдан ластанған аймақтарды тазарту жайын сөз етті. Сонымен қатар, Сәкен Үдербаев, Салтанат Ибадуллаева секілді ғалымдар, университеттің жылыжай шаруашылығының жетекшісі Галина Дямуршаева баяндама жасап, көтеріліп отырған тақырып төңірегінде әңгіме өрбітті.

Шараға қатысушылар Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың Әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлыққа ұсы­нылған «Құрылыс және мұнай сала­ларының инновациялық қуат және ресурсүнемдеуші технологияларды әзірлеу және енгізу» тақырыбындағы ғылыми жұмысын қолдайтындықтарын білдірді.

А.ЖҰМАДІЛДАҰЛЫ.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 шілде 2017 г. 756 0