« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының құрылғанына 5 жыл толуына орай «Достық үйінде» «Бала құқығы – асыл қазына» тақырыбында конференция өтті.
Жиынды облыстық соттың төрағасы Қамбар Нұрышев ашып, жүргізді.
Шара барысында Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қанатбек Абдуллаев, қалалық №2 сотының төрағасы Айбек Әбу, «Сыр ұландары» жастар қоғамдық бірлестігінің директоры Сәуле Әбілдаева, облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған интернаттың үйірме жетекшісі Гүлсім Махмұтова хабарлама жасап, бала құқығын қорғау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Сондай-ақ, облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың тыныс-тіршілігін айшықтайтын бейнеролик көрсетілді. Қалалық ішкі істер басқармасы Жергілікті полиция қызметінің бөлімше бастығы, полиция капитаны А.Сыздықов ювеналды полиция бөлімшесінің ағымдағы жылдың 6 айында атқарған жұмыстары жөнінде хабарлады.
Заң балалардың жеке басының қадір-қасиетін қорлаудан, үлкендер тарапынан ұрып-соғу, ұрлыққа жұмсау, қаңғыбастыққа итермелеу сынды теріс әрекеттерден қорғайды. Бала өз ойын, пікірін еркін жеткізуге құқылы. Тәрбиені бесіктен бастайтын дана халқымыз бала құқығын қорғауда талайға үлгі бола алады. Әдет-ғұрпымызда да бесік жырынан бастау алатын ұлттық тәрбие тұсау кесу, ат жалын тартып мінгізу, өз алдына отау ету, енші беру сияқты дәстүрлерімізбен толығады. Қазақ қашаннан елдің ертеңгі тұтқасы болар азаматына барынша ұлттық тәлім берген. Жиын барысында осы сынды ойлар негізге алынды.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес кәмелетке толмағандардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мақсатында мамандандырылған соттарды құру қолға алынған болатын. Аталған соттар 2007 жылы Астана және Алматы секілді ірі қалаларда құрылды. Мұндай сот облысымызда 2012 жылы өз жұмысын бастады.
Азиз БАТЫРБЕКОВ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |