КӨП БАЛАЛЫ ОТБАСЫНА ЖАҢА ҮЙ САЛЫНУДА

Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде көпбалалы Абдраевтардың үйі қақаған қыста түгелімен отқа оранып, 9 адам далада қалған еді. Оның алтауы – бала. Бір мезетте баспанасыз қалған отбасына «Нұр Отан» партиясының өкілдері қол ұшын созды. Абдраевтарға уақытша пәтер жалдап, азық-түлік, киім-кешек, ыдыс-аяқтарын жеткізіп берді.

«Нұр Отан» партиясы «Темір жол» филиалының жедел кеңес отырысын шақырып, комиссия құрып, қыстың көзі қырауда далада қалған тоғыз жанға қамқорлық жасау ұсынылған. Осы отбасының ұлы – Абай теміржол саласында қызмет атқаратыны ескеріліп, оған әріптестері қаржылай көмек көрсетуді шешіпті.

Көпбалалы ана Дидар Абдраева көмек қолын созған жандарға ризашылығын білдірді.

– Халқыма, еліме рақметімді айтамын. Осы «Нұр Отан» партиясының қолдауымен берген қаржылай көмектерінің арқасында үйімді бастап көтеріп жатырмын.

Қайырымдылық шараға атсалысып жүрген «Нұр Отан» партиясы «Темір жол» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Тынбаева алдағы уақытта да көмектерін жасайтындарын жеткізді.

– Қандай көмек керектігін білу мақсатында бүгін тағы келіп отырмыз. Алдағы уақытта да көмектер көрсетілетін болады. Бұдан бұрын да дәл осындай қолдау өрттен зардап шеккен тағы бір көпбалалы отбасына көрсетілген болатын, – деді ол.

Жалпы жыл басынан бері партиялық жобаларға он мыңнан астам қызылордалық қатысып, бес жүзге жуық шара өткізілген.

Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 шілде 2017 г. 490 0