« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Әр адамның өз бейіміне қарай тірлік етуі түбінде жетістікке жеткізуі тиіс. Әрине, ол үшін ерінбей еңбек етк мен қатар мақсаткерлік, көлденең кезіккен кедергіге мойымау және де қазіргі өиір сұрып отырған ортамыз нарықтың қатал кезеңі ғой, сондықтан есеп білу керек екендігі ақиқат. Бұл Әлжанның осы жасқа келгеншще түйген ойы. Кім болса да, ата- анасын, туған жерін, туылатын уақытын таңдай алмайды ғой, бұл азаматтың жігіт болып жетілуі айналаның аласапыран, қоғамның ауыспалы кезеңіне тап келіпті. Бұрынғы ірі шаруашылықтар тарқап, олардың орнының кішіші шарау қожалықтары алмастырғандай кезеңде он екіде бір гүлі ашылмаған үлкендер түгілі үлкендердің өзі аңтарылып қалған жоқ па, Әлжанда не оқуға барарын, не бұрынғыларша егін ақабына барарын білмей састы. Үлкендер де ақыл қосқан болғанымен нақты ештеңенің құлағы көріне қоймады. Осылай айлар мен жылдар жылжып өте берді. Бір күні өз аулындағы бір механизатор болған ауылдас ағайынның темір дәнекерлдеуші алып, түрлі шаруаларды өзі атқарып жүгенін аңғарды да, мұның да ойына осы кәсіппен шұғылданып көру келе қалғаны. Осылай қолында аппараты барлармен жұғымса жүріп, темиір дәнекерлеуді үйренді. Осы істің нағыз шеберлерінен де тәжірибе алмасты. Содан базардан арзанқолдау темір дәнекерлейтін аппарат сатып алып, әуелі өз ауласындағы қора- қопсының есіктерін жасап көрді. Бір қарағанда жамсан шықпаған секілді, сонан соң темір шарбақтарды жаңалып байқады. Бұл енді тіптен жарасымды болған секілді. Мұның қолының еп- себін бай қаған көрші- көлемдегілер де өз өтініштерін айта бастады. Біріне, бастырма салу керек, екіншісіне темір қақпа істеп бергендерін қалайды. Айтпақшы, үй тереземсінің сыртына тор салып берші дейтіндер де табыла кетті. Осылай Әлжанның темір дәнекерлеудегі талпынысы құмарлыққа, онысы кәсіпке айнала бастады. Базарлы қатынастың шартын түсіне бастаған ауылдастары атқарылған жұмыс үшін рақметін айтумен бірге, шебердің қолына бірдеңе қыстыра кетуді де ұмытпады. Аздап болса да қолға тиген қаржы Әлжанның өзінің жаңа кәсібін кеңейтуге мүмкіндік бергендей болды. Оның үстіне әкесі Әріпхан да сөзбен жігерлендірді. Қанша дегенмен көпті көрген, көнекөз кісі емес пе. Міне, содан бері де жеті жыл зырғып өте шығыпты. Осы аралықта Әлжан қаншама жаңа үйлерге орнататын әсем безендірілген темір есіктер, темір қақпалар жасап шығарды. Сондай-ақ, бастырмалар мен темір шарбақтар жасап көптің батасын алды. Бұл күндері Шиелі ауданы, Нартай Бекежанов ауылының тұрғыны Әлжан Исламханов аудандағы мықты деген темір ұсталарының қатарына қосылды. Тапсырыстар да көп, сол үдеден шығу үшін оған уақытпен санаспай таңертең ерте, кешқұрым да жұмыс жасауға тура келуде.
Осы кәсібіме төселіп алған секілдімін. Сондықтан да аз, көп демеймін қанша жұмыс істесем де шарщамаймын. Өйткені, бұл менің сүйікті ісім. Үкімет пен жергілдікті атқарушы орындар да кәсіптің керегесін кеңейтуга мүмкіншілік жасап, қолдап отыр. Бұл жалпы халықтың әлеуметтік жағдайымен, әлеуетін көтеретін мәселелер. Біздің еңбешіміз тұтынушыларға ұнаса, зор мәртебе , дейді Әлжан бауырымыз қананғы с абырлы қалпында.
Иә, талапты ерге нұр жауар демекші, оған ісіңнің берекесін берсін дейміз.
Н. Назымханұлы,
Шиелі ауданы, Керделі ауылдық округі
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |