« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Сенбі күні Қармақшы ауданы Ақтөбе ауылында аймақ үшін маңызды ауқымды шара өтті. Өңірде құс етін өндіретін кәсіпорынның іргетасы қаланды. Ауыл шаруашылығы саласындағы игі бастаманың салтанатты сәтіне облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісті.
– Елбасының алға қойған мақсаттарының бірі – агроөнеркәсіп кешенін дамыта отырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, саланың экспорттық әлеуетін арттыру. Міне, бүгін осы ойымыздың жүзеге асуына біртабан жақындадық. Талапқа сай, экономикалық негізі бар және тұрақты сұраныстағы инвестициялық жобаға әрі бастамашы кәсіпкерлерге қолдау білдірудің нәтижесінде осындай игі шаралар жүзеге асуда. Бұл ауылдағы ағайынның әл-ауқатын көтеруге де септігін тигізеді, – деді аймақ басшысы.
Жоба өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы негізінде жүзеге асуда. Кәсіпорын жұмысына «Байқоңыр» ӘКК ҰК» ЖШС қолдау білдіріп, бірлескен жоба ретінде жүргізілуде. Жаңа бағытта жұмыс істейтін шаруашылық жетекшісі, «Ақтөбе и К» ЖШС-ның директоры Нұрлан Іздібаев келер жылдан бастап фабриканың алғашқы өнімі шығарылатынын айтады.
– Кәсіпорын іске қосылғанда жылына 1500 тонна құс еті өндірілетін болады. Кешен құс тұратын, балапан шығаратын орын және әкімшілік ғимарат пен бақылау бекетінен тұрады. Сонымен бірге, онда жұмыс істейтін мамандарды қазірден бастап қарастырып жатырмыз. Технологтар мен құс өсіруші, дәрігер мамандарды тартумен қатар ауыл жастарын осы бағытта оқытуды ойластырудамыз, – дейді кәсіпкер.
Шаруашылық алдағы уақытта құсқа қажетті жем-шөпті өздерінде дайындауды жоспарлап отыр. «Ақтөбе и К» ЖШС-дан егінге қажетті жер телімдерін бөліп, осы жұмыстарды қолға алу көзделген. Қазіргі таңда мемлекеттен ауылдарда жем-шөп көлемін ұлғайту мақсатында егінге қажетті жерлерді ашуға қаржы қарастырылуда. Енді серіктестік алдында осы бағдарлама негізінде жобаны жүзеге асыру міндеті тұр.
Соңғы жылдары аймақтың ауыл шаруашылығы саласында кооперативтер құру мен сүт, ет өнімдерінің көлемін арттыруға көңіл бөлініп келеді. Енді, міне, осындай оңтайлы жұмыстардың қатары құс етін өндіретін фабрикамен толықты. Бұл аймақ экономикасы мен жұмыссыздық деңгейіне оң әсерін тигізбек.
Мәди ҚҰРМАНӘЛІ,
Нұрболат НҰРЖАУБАЙ (сурет).
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |