АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ АЛҒА БАСЫП КЕЛЕДІ

Облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың облыстық мәслихаттың сессиясында жартыжылдықтың қоры­тындысы туралы жасаған баяндамасын зор қанағаттандық сезіммен тыңдап шықтым. Аймақтың әлеуметтік-эко­но­микалық ахуалын жақсарту бағы­тында көп жұмыстар атқарылған. Әсі­ресе, өзіме ең жақын сала – ауыл шаруа­шылығында едәуір алға басушылық бар.

«Алдағы кезеңдері 188 мың гектар суармалы жерлерді айналымға енгізу қажет» – деді облыс басшысы. Әлбетте, бұл өте қажет нәрсе. Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру жобасының екінші кезеңі бойынша ирригациялық жүйелерді қалпына келтіруге 7 млрд теңге шамасында инвестиция тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жақын болашақта оның игілігін көретін боламыз.

Өңірімізде өндірілген өнімдерді экспортқа шығару мақсатында нақты жұмыстар қолға алынған. Күріш экс­портының үлесі артады. Ет экспортын қамтамасыз ету үшін халықаралық ветеринарлық талаптарға сай келетін ет комбинатын салу жоспары бәрімізді қуантып отыр. Ол жүзеге асатын болса, табыс әкеледі және қаншама жаңа жұмыс орны ашылады.

Өзім төрағалық ететін «Ысамаддин» шаруа қожалығына мемлекеттік қолдаудың арқасында МТЗ-80 тракторы мен прессподборщик алдық. Оларға 50 пайыздық субсидия берілді. Сол секілді, мал басын асылдандыру мақсатында 9 асылтұқымды бұқа алдық, оның әрқайсысы үшін «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 154 мың теңге­ден көмек берілді.

Жанарбек НҰРЫМБЕТОВ,

облыстық мәслихат депутаты.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 шілде 2017 г. 685 0