« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Тағамнан уланулар – бұл табиғаты микробты немесе микробсыз болатын организмге улы заттардың немесе микроорганизмдердің арнайы түрінің көп мөлшерде таралған тағамдарды пайдалану нәтижесінде пайда болатын жедел (сирек созылмалы), қарым-қатынас арқылы жұқпайтын аурулар.
Тағамнан уланулар факторларының әртүрлілігіне қарай жалпы белгілерін атап көрсетуге болады. Мысалы, аурудың жедел, кенеттен, бір уақытта басталуы негізгі белгі болып табылады. Сонымен бірге, тағамды қолдану жеріне немесе сатып алу орнына байланысты да ауру пайда болады. Микробты тағамнан уланулар ауру адамнан сау адамға берілмейді және осымен жұқпалы аурулардан ерекшеленді. Кейбір тағамнан улануларға микотоксикоздар (улы саңырауқұлақтардан улану), сынап, кадмий (ауыр металл тұздарымен улану), пестицидтермен уланулар жатады. Бұл улануларға жедел басталу және қысқа ағымдылық тән емес. Олардың клиникасы ұзақ және созылмалы ағымда өтеді.
Тағамнан уланулардың ең жиі кездесетін белгілері – жедел гастроэнтерит. Бұл аурудың барлық түріне тән емес. Ботулизм, микотоксикоз, сынаппен улану кезінде белгі жиі кездеспейді.
Тағамнан уланулардың алдын алу үшін мектеп, балабақша, емдік сауықтыру мекемесі асханаларында жұмыс жасайтын қызметкерлер мерзімінде бактериологиялық зерттеуден өтіп тұруы қажет. Сондай-ақ, тері ауруымен, қолында іріңді жарақаттары бар қызметкерлер жұмысқа жіберілмеуін қадағалау керек. Тағам дайындаудың технологиялық режимі, дайындалуында, сақталуында, тасымалдануында санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы өте маңызды. Дайындалған тағамдардың бетін ашық қалдырмау мен жылдам бұзылатын тағам түрлерін тоңазытқышта сақтау және консервілердің жарамдылық мерзіміне қарауды, бомбаждалған болса пайдаланбауды есте ұстаған жөн.
Сонымен бірге, тек қайнатылған су ішу, көкөністер мен жемістерді мұқият жуып пайдалану, ас дайындау, ыдыс жуу және ауыз су үшін ашық айдындардың, арықтардың суын пайдаланбау, үйдегі қоқысты уақытында шығару тамақтан уланудың алдын алу шараларына жатады.
П.М.ШІЛДЕБАЕВА,
ҚР ДСМ ҚДСК «ҰСО» ШЖҚ РМК ҚОБФ-ның Сырдария аудандық бөлімшесінің санитарлық-эпидемиологиялық қызметі дәрігері.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |