« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Сырдария ауданында облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша мәжіліс өтті.
Жиынға облыстың денсаулық сақтау ұйымдарының бас дәрігерлері мен мекеме есепшілері және экономистері қатысты.
Басқосуда күн тәртібіндегі мәселеге байланысты ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Мұрат Ысқақов, Сырдария ауданы прокуратурасының прокуроры Серікбай Темірханов, «Нұр Отан» партиясы Сырдария аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Марат Омаровтардың баяндамалары тыңдалды.
Сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын алу және сыйақы төңірегіндегі сұрақтарға толымды жауаптар берілді. Осы мақсатта бірнеше бейнероликтер көрсетіліп, құқықтық жауапкершілік талаптары түсіндірілді.
Мәжілісті Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Балшекер Өтегенова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жақсылық Абдусаметов сөз сөйлеп, қорытындылады.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |