БАЛЫҚ АУЛАУДАН БАҚ СЫНАСТЫ

Жалағаш аудандық «Ар­да­герлер ұйы­мы» қоғамдық бір­лес­ті­­гінің ұйым­дас­­тыруымен кент ір­ге­сіндегі «Иіркөл» жағасында ардагерлер ара­сында балық ау­лау­дан жарыс өтті.

Алдымен, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрлан Ержанов жарыс ере­же­сімен таныстырды. Ереже қара­пайым – кімнің аулаған ба­лығы көп әрі салмағы ауыр болса, сол жеңімпаз.

Қа­тысушылар көл жағасына жай­ғас­қан соң, сәлден кейін-ақ «балық ілін­ді» деген қуанышты дауыс­тар шығып жатты. Балық­шылар көздерін қалтқы­дан айы­р­­май 2 сағат бойы жа­ғада отыр­ды. Десе де, көпті көрген қарияларға бұл сайыс қиынға соқпады. Нәтижесінде, Ақсу ауылдық округінен келген Тынымбай Берлібеков берілген мерзім ішінде аулаған балығының саны мен салмағы басқалардан басым түсіп, І орынды жеңіп алса, ІІ орынға Таң ауылынан келген Атымтай Насиев ие болды. Ал, келесі үштікті кент ардагері Тоқтарбек Жамалов түйіндеді.

Шара соңында, табиғат аясын­дағы айрықша сайысты ұйымдастырған аудандық ардагерлер ұйы­мының төра­ғасы Садық Әлиев, жарыстың өтуіне атсалысқан мекемелерге алғысын білдіріп, жеңімпаздарды марапаттады. Иә, балық аулауды біз көбіне хоббиге балап жатамыз. Дей тұрғанмен, бұл да спорт түрінің бірі. Ерекше ыждағаттылық пен төзімділікті қажет ететін бұл сайысқа қатысушы ардагерлердің алды тоқсанға таяған қариялар.

Нұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 шілде 2017 г. 747 0