Еліміздің қауіпсіздігіне қатер төн¬діретін сыбайлас жемқорлық сияқты құбылыспен күрес мемлекеттік биліктің барлық деңгейінде күн сайынғы тапжылмай еңбектенуді, әр мемлекеттік қызметші тарапынан күш салысуды талап етеді.
Осы орайда қылмысқа қарсы күрес жүргізетін өкілетті органдар қоғамдық дерттің салдарымен себептерінің алдын алуды басты мақсат ретінде белгілеп отырғанын атап өту керек. Олардың алдында – жемқорлықпен күресте жаңаша бағыт ұстау, яғни жемқорлық фактісін анықтап кінәлілерді жазалау ғана емес, сыбайластықтың пайда болу шарттары мен себептерін анықтау стратегиялық міндеті тұр. Мәселен, Сыбайлас жем¬қор¬лыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық ¬бю¬рсының Қызылорда облысы бойынша департаментінің бүгінгі таңдағы қызметінің өзгеріссіз басым бағыттары «100 нақты қадам» Ұлтық Жоспарына сәйкес құрылып, бес институционалды реформаның басымдықтары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жазаның қолданылмай қалмауын қамта¬масыз ету, азаматтар мен мемлекеттің сыбайлас жемқорлықпен бұзылған құ¬қық¬тарды қалпына келтіру, жүйелі сыбайлас жемқорлық фактілерін жолын кесу болып табылады.
Одан басқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің ¬басым бағыты шағын және орта бизнес субъекті¬лерін мемлекеттік органдардың ла¬уазым¬ды тұлғаларының тарапынан олардың қызметіне заңсыз араласудан қорғау. Заңсыз іс әрекет жөнінде кәсіпкерлердің оларға қатысты әрбір хабарламалары арнайы бақылауда болады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жедел сүйе¬мелдеу шаралары қабылданады.
Ұлттық бюроның call-орталығының 1424 бірыңғай нөмірі жұмыс істейді, оған республиканың әрбір азаматы қоңырау шала алады, өз ақпаратын жеткізіп немесе сыбайлас жемқорлыққа іс-қимылға қатысты сұрақтар бойынша кеңес алуына болады. Үстіміздегі жылдың ал¬ғаш¬қы жартысында департаментте 69 сыбайлас жемқорлық қылмыстық іс тіркелген, 69 қылмыстық іс өндіріспен аяқталған, олардың 66 сотқа жолданған. Аяқталған қылмыстық істер бойынша анықталған залалдың жалпы сомасы 719 млн теңге, тергеу барысында өндірілгені 688 млн теңге. Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін 22 тұлға сотталып, олардың 15 айыппұл жазасына, 7 басқадай жазаларға тартылған. Азаматтардың конституциялық құқық-тарының бұзылу және істерді қайта тергеуге қайтару фактілері орын алмаған.
Осы ретте Қызылорда қалалық №2 сотының 2017 жылдың бірінші жар¬тыжылдығында сыбайлас -жемқор¬лық қылмыстарға байланысты 17 іс 19 адамға түскен (өткен жылдан 1 іс 7 адамға қалдықта). Өндірістен аяқтал¬ғаны 16 іс, 23 адамға айыптау үкімдері қабылданған. Жаза тағайындау – 1 адам бас бостандығын шектеу, 16 адам айыппұл, 4 адам рақымшылыққа байланысты жазадан босатылған. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша 62 934 727 теңге айыппұл салынған, қазіргі кезде орындалып, айыппұл төленгені 37 750 теңге, 25 184 727 теңге орындалмай тұр.
Қылмыстық процестік кодексінің 475 бабының 2 бөлігінің ¬талабына сәйкес дереу төлеу мүмкіндіктері бол¬мағандықтан, 6 айға дейін мерзімге ұзар¬туға 4 адаммен ұсыныс берілген. 3 ұсыныс қанағаттандырылып, айыппұл төлеу мерзімі ұзартылған, 1 ұсыныс қана¬ғаттандырусыз қалдырылған (05.07.2017 ж. қаулысымен)
Ал жалпы үстіміздегі жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарымен анықталған бірқатар қылмыстар сотта қаралды. Мәселен, Шиелі аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасарының пара алу әрекеті әшкереленіп, сот үкімімен 9 млн теңге айыппұл жазасына сотталды. Сол секілді, Қармақшы аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстар санатына пара алу мен пара беру ғана емес, сонымен қатар, парақорлыққа делдал болу, яғни пара алушы және пара берушіге олардың арасында келісімге қол жеткізуге ықпал ету де қылмыс болып саналады.
Мәселен, сотталушы З. белгісіз аза¬матқа көлік жүргізу куәлігін дайын¬датып алып беруі үшін 10 000 теңге ақшаны пара алушы А.Б. апарып беріп, арада делдал болған. Сотталушы З. ҚК-нің 368-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік органдарда қызметтер атқару құқынан өмір бойына айыра отырып, 800 мың теңге айыппұл жазасы тағайындалды. Бұл басқаларға сабақ болуы тиіс.
Жемқорлықпен күресу азаматтарда мораль және адамгершілікті, рухани мәдениеттілікті және өз еліне деген сүйіспеншілікті қалыптастыруды талап етеді. Тек, қоғам бұл құбылыстың мүлдем болмауына көз жеткізген кезде ғана, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға болады.
Ы.ТӘЖІҰЛЫ.