Ақтөбелік журналистер Сыр елінде

Биыл Ақтөбе облысының құрылғанына 85 жыл. Осы айтулы датаға орай облыстың жылнамасын жазып жүрген ақтөбелік белді журналистер Сыр еліне келді.
Шығармашылық топ Арал, Қазалы аудандары арқылы облыс орталығында болды. Негізгі мақсат — Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласынан өрбитін «Туған жер» бағдарламасына үлес қосу, Қызылорда облысындағы ақтөбелік жерлестерімен кездесіп, Ақтөбе облысында  атқарылып жатқан игі істер мен жетістіктер туралы кеңінен насихат жүргізу. Журналистердің жаңа бағдар аясындағы іссапарлары танымдық-тағылымдық сипатқа ие.
— Облыс әкімінің бастамасымен қыркүйек айында облыстың 85 жылдығы аталып өтілмек. Осыған байланысты біз көрші аймақтарда болып, ел тынысын оқырмандарымызға кеңінен танытуды көздеп отырмыз. Алғашқы сапарды ең алғашқы ел астанасы болған Қызылорда өңірінен бастауды жөн көрдік, — дейді экспедиция мүшелері Санат Қалиев пен Қамбар Мұқашев.
Ақтөбе делегациясының өкілдері "Сыр Медиа" ЖШС-на қарасты редакцияларда әріптестерімен пікірлесіп, типогафия жұмысымен танысты.
"Ақтөбе - құтты мекен" аталатын медиаэкспедиция әрі қарай еліміздің Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай және көршілес Ресейдің Орынбор облыстарында жалғасын табатын болады.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 шілде 2017 г. 745 0