«ШЫҢДАҒЫ ШЫНАР»

«Қоғам, өмір және адам» – бір-бірінен еш ажырағысыз, ортақ мүдде тоғысқан біртекті, бірегей тұжырым. Қоғамсыз өмір жоқ, ал өмірсіз адамның да болмайтындығы белгілі. Содан да белгілі қаламгер, Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі Еркін Әбіл өз жазбаларында адамның қоғамдағы алар орнын деректі-эссе жанрында жазуды басты мақсат етеді. Деректі-эссені публицистикалық жанрда жазылған көркем шығарма деп те атауға болады.
Еркін Әбілдің жоғарыдағы тақырып негізінде жазылған «Адам бір көшкен керуен», «Үлкен саясат: тұлғалар мен тағдырлар», «Өтпелі кезең өткелдері», «Теңізбен тағдырлас», «Жер-анамен тамырлас» атты кітаптары жарық көрген. Енді, міне, «Шыңдағы шынар» атты деректі-хикаят та оқырмандар олжасына айналып отыр.
Қазыналы Қазалы топырағында дүниеге келіп, ғұмыр бойы адам баласының басты байлығы – денсаулығын сақтауға күн-түн көз ілмей шипалығын жасап жүрген ақ халатты абзал жан Шынтас Зетов – осы шығарманың басты кейіпкері. «Атыңды тану оңай да, ал адамды тану қиын» дегендей, кітапта Шынтастың өзіндік бітім-болмысы, дүниеге көзқарасы, денсаулық сақтау саласындағы өлшеусіз еңбегі көркем тілмен бүкпесіз баян етілген. Адам денсаулығын сақтаудағы оның орасан еңбегін ұрпақтарға ұлағат ету парызы өтелген. Айтқандай, басты кейіпкердің жүріс-тұрысы, іс-әрекеті мен өмірге көзқарасынан қызықты оқиғаларға кезігіп, тәлімді тәрбие аласыздар.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 шілде 2017 г. 630 0