КӨЗДІ АРБАҒАН КӨРМЕ

– Сен қай жағында жүрсің?
– Жапония жағында.
– Мен онда Финляндияға келіп, сені таппай жүрмін.
Бұл – ЭКСПО-ға келген екі қазақтың әңгімесі. Жаздың жаймашуақ күндерінде Астанаға әдейілеп барып жатқандардың қарасы қалың. Бәрі жақсыны көргісі келеді. Мың рет естігеннен артық қой. Үлкен де, кіші де сонда. ЭКСПО аумағынан кез келген ұлттың өкілін кезіктіруге болады. Адамдардың адасатынындай бар. Небір мемлекеттің павильондары анадайдан көзді арбайды. Олар ғылыми жетістіктерімен ғана мақтанып қойып жатқан жоқ. Өнерлерін де дәріптеп жүр. Ел аузында «Сфера» аталып кеткен шар тәріздес ғимараттың бірінші қабатында «Нұрлы әлем» ұлттық павильоны орналасқан. Жоғары бөлігінде «Болашақ» музейібар. 8 қабаттан тұратын, диаметрі – 80, биіктігі 96 метр болатын ұлттық павильонға кірген бойда меймандар еліміздің салт-дәстүрінен бастап ғылым, энергетика саласындағы жетістіктерімен таныса алады. Әрі осында «Астананың болашағы» аттыкомпозиция бар. Ол елорданың 2050 жылғы келбетінкөз алдыңызға әкеледі. Ұлттық павильон 8 қабаттан тұрады. «Нұрлы әлемді» тамашалауға кемі 3-4 сағат керек болса, ЭКСПО қалашығын бастан-аяқ аралап шығуға бір күн де аздық етеді. 
Халықаралық көрмеге Қазақстанның ішінен ғана емес, әлемнің әр түкпірінен адамдар көптеп келіп жатыр. Ұзын-сонар кезек. Кеше ЭКСПО-ның шымылдығы түрілгеніне тура бір ай толды. Осы уақыт ішінде оған 921 291 адам келіпті. Оның 130000-дайы – шетелдік. 160 000 адам жеңілдікпен билет алған. Бір айда 1 031 іскерлік және мәдени бағдарлама өтсе, соның 84-іне мемлекет басшылары,министрлер және комиссарлар қатысқан. Ал 2 шілдедегі мәліметке қарағанда, қонақтар ең көп табан тірейтін нысандардың көшін «Нұр-Әлем» бастап тұр. Одан кейін тақырыптық павильондар мен Дю Солей циркі де танымалдығымен алдыңғы орыннан көрінді. ЭКСПО көрмесі, әсіресе, ерекше даусымен әлемдіаузына қаратқан, миллиардты мойындатқан әнші Димаш Құдайбергеновтің концертімен есте қаларысөзсіз. Оның өнерін тамашалау үшін «Астана арена» стадионында аншлаг болды. Димаш 30 000-нан астам көрерменді тәнті қылды, осынша адамның ыстық ықыласына бөленді. Оның сыртында есімдері әлемгеәйгілі әншілер мен өнер ұжымдары елорда төрінде кезекпен концерт беруді жалғастырып жатыр. 
Айтпақшы, күні кеше «Астана-ЭКСПО»халықаралық көрмесіне миллионыншы болып билетсатып алған азамат көрмені тамашалап қайтты. Еlorda.info сайты хабарлағандай, көрме билетін Шымкенттегі жоғары оқу орындарының біріндепроректор қызметін атқаратын Қайрат Мамаев сәуірайында сатып алыпты. «Мен ЭКСПО-да ғылымдағы жаңа тенденциялар мен инновациялармен таныстым. «Нұр-Әлем» аймағы мен шет мемлекеттердің павильондарын көрдім. Ал басшылық менімиллионыншы билет иегері ретінде Астанағашақыртып, құнды сыйлықтар табыстады», – дейді Қайрат Мамаев. 
«ЭКСПО-2017» ресурстық орталығының директоры Жандос Тұсмағамбетовтың айтуынша,10-30 маусым аралығында халықаралық шараны тамашалауға Сыр өңірінен 6 000-дай адам барыпты.Өзі де – солардың қатарында. «Көрме – тұнып тұрған инновация мен ғылым-білім жетістіктерінің алаңы. Жүзден астам мемлекет жасыл экономика, болашақтың энергиясы бағыттары бойынша тың идеялар мен жобаларын алып келген. Жалпы, қуаттақырыбы кең мағыналы. Оның ішінде рухани қуатта бар. Қаншама мәдени шараның куәсі болдық. Бір көрме арқылы жүзден астам елдің мәдениеті мен салт-дәстүрінен хабардар болуға болады», – дейді Ж.Тұсмағамбетов. Оған төл павильон ұнапты. Көрмеден рухани азықалып, керемет әсермен қайтқан. Орталық жетекшісіоблыс тұрғындары еліміздің әлемдік деңгейдегіжетістігін тек көруі керек деп есептейді. ЭКСПО қызығына куә болып қайтқан жерлестеріміздің депікірі осыған саяды.
Дана МЫРЗАШЕВА,
Қызылорда қаласы:

– Күннен-күнге дамып келе жатқан еліміздің қандай да бір жетістіктері мен еңбектерін әлемнің танып-білгені қандай мақтаныш?! 100-ден астам мемлекет экономика, техникадағы жетістіктері менболашаққа құрған жоспарларын үлкен экрандарарқылы слайд-шоулармен көрсетіп жатыр. Және де қандай да бір өндірілетін өнімдерін осы көрме арқылы әлемге танытуға ынталы. Бұл арқылы адамдар әрмемлекеттің, әр елдің ішкі-сыртқы экономикасымен мәдениеті, тұрмыс-тіршілігін тануға мүмкіндік алады. Шар тәріздес басты ғимараты 8 қабаттан құралған. Әр қабатында түрлі қызықты шоулар мен іс-шаралар өткізіліп тұрады. Мұнда шыны көпір,күн бейнесіндегі зал сияқты қызықты дүниелержеткілікті. Әр елдің павильонында, сауда-саттықорындарында келушілерге қызмет көрсетіп тұрғаннұсқаушы қыз-жігіттердің дені – қазақ жастары. Олар үш тілде емін-еркін сөйлеп, кез келген елдің азаматтарына сапалы қызмет көрсетіп келеді. Осы арқылы елімізде көптеген тілді еркін меңгерген білімді жастардың өсіп келе жатқанын көреміз. ЭКСПО-2017 көрмесінің елімізде өткізілуі бізге пайдалы. Біріншіден, осы арқылы әлемніңалдыңғы қатарлы мемлекеттерінің қатарынан көріндік. Екіншіден, болашақта өзге елдерден түскенұсыныстармен біріге отырып жұмыс жасау арқылы одан әрі дамуымызға мүмкіндік туындайды. Соныменқатар әр елден келген ұлттардың достастығы мен ауызбіршілігі одан әрі нығая түсері анық.
Айдана ЖҰМАДИНОВА,
Қызылорда қаласы:

– ЭКСПО көрмесіне мен неліктен барамын? Көрмені көрудің маңыздылығы қандай? Бұл сауалдар ел тұрғындарын мазалайтыны анық, әлбетте, меніде ойландырды. ЭКСПО – тарихи маңызы бар шара. Жүзден аса елдің тарихымен танысуға мүмкіндік. Болашақта қайта өткізілсе немесе келесі көрмеге барусапары бұйырса, сараптау мүмкіндігіне де ие боласың. Бұл – алғашқы ой. Ал көрмеге барған соң дамыған,ерекше заманда өмір сүретінімді анық сезіндім. Аяқ басқан сайын технология жетістіктері, жаңалықтар.Иә, бұл көрме – қазақстандықтар үшін техникалық прогресс. Мамандардың айтуынша, 15-20 жылданкейін бұл жемісін бере бастайды. Байқасаңыздар, көрме эмблемасында тұқымның суреті бейнеленген. Тұқым – жаңалықтар өзегі. Әрбір білім маманның санасына тұқым болып себіледі. Сондықтан физика,математика пәнін жақсы оқитын, техникаға қабілетібар оқушыларға көрмені тамашалау үшін мүмкіндік жасау керек. Осы уақытқа дейінгі көрмелер бұрын ел естімеген жаңалықтармен есте қалды. Ал Астанадағы ЭКСПО-да мен байқаған мына жаңалықтар әлемдік деңгейде өндіріске енетініне сенімдімін: күннен қуат алатын пернетақта, адам қуатымен өзенде жүзетін спорттық зал, қоқыс қалдықтарынан электр қуатын өндіру, ғимараттардағы акустикалық жағдайды, ішкі-сыртқышуды реттейтін құрылғы. Көрме қалашығында,айтса айтқандай, «Нұр-Әлем» павильоны ерекше.Алғашқы рет барғанда әдемі көрініске қызығып, тек суретке түсумен шектелетіндер көп. Сондықтан жаңалықтарға зейін қойып қарау үшін бірнеше рет барып тамашалау керек.
Назерке САНИЯЗОВА.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 шілде 2017 г. 1 298 0