Ел
басының тапсырмасы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сарапшылық кеңесі 2009 жылдың 28 қаңтарында құрылған болатын. Содан бері әр облыстағы ассамблея жанынан ғылыми-сараптамалық топ жасақталып, жұмыс жүргізіп келеді. Аталған топ этносаралық келісім мен жоғарытолерантты мәдениет қалыптастыруға қатысты зерттеулермен айналысады. Сондай-ақ, мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыра отырып, этносаралық, конфессияаралық келісімді нығайтуды көздейді. Жуырда ғана Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен өңірде «Тарихқа тағылым – өткенге тағзым» халықаралық форум өтіп, оған Мемлекеттік хатшы, ассамблея басшылығы қатысты. Осының өзі ассамблеяролін күшейту болып табылады. Осы ретте, өңірдегі кеңестің жүргізіп жатқан жұмысы және алдағыжоспарларымен танысу мақсатында Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың «Қазақстан халқы Ассамблеясы»кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, ғылыми-сараптамалық топ жетекшісі Нұрлыбек Мыңжаспен сұхбаттасқан болатынбыз.– Нұрлыбек Кәрібозұлы, алдымен өңірдегі ғылыми-сараптамалық топтың жұмысы мен құрамына тоқталып, жалпы сипатын баяндап берсеңіз.
– Аймақтағы ғылыми-сараптамалық топтың жұмысы этносаяси, әлеуметтік-экономикалық, конфессиялық дамудың үрдістерін кешенді сараптамалық бағалау, елде және әлемде аталған процестің дамуын болжау негізінде облыстық ассамблея қызметін ғылыми-сараптамалық қамтамасыз ету болып табылады. Сондай-ақ, қоғамдық пікірлерді ескере отырып әлеуметтік зерттеулердің көмегі арқылы мониторинг, талдау жұмыстарын жүргізеді, этностар арасындағы шиеленісті жағдайларды алдын алуға бағытталған нақтылы ұсыныстар даярлайды. Расында да бұл мәселелер ғылыми-сараптаманы қажет етеді. Оның нәтижелерін ассамблея өз қызметін іске асыру барысында пайдаланады. Топтың құрамында облыс бойынша этносаралық және конфессияаралық қатынастар тақырыбын талдаумен шұғылданып жүрген әлеуметтанушылар, тарихшылар, саясаттанушылар мен тәуелсіз сарапшылар, 1 ғылым докторы, 6 ғылым кандидаты мен 2 ғылым магистрі бар. Онымен қоса, топ «Сыр медиа» ЖШС-дағы ақпараттық-талдау орталығымен, ғылыми ұйымдар, азаматтық қоғам институттары және мемлекеттік мекемелермен тығыз байланыста жұмыс жасайды.
– Өткен жылғы нәтижемен де бөліссек.
– Өткен жылы біздің ҒСТ мүшелері облыстық Қазақстан халқы ассамблеясымен бірлесе, облыскөлемінде үлкен зерттеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде екі тілде «Татулық тарихы» деген үлкен жинақ әзірленді. Бұл жинаққа облыстағы этномәдени бірлестіктер қызметі, құрылу тарихы, Ассамблеяның 1995 жылданбергі атқарған жұмыстары, облыстағы ассамблеяның қалыптасуы, мәдени бағыттағы дамуы бойынша зерттеунәтижелері енгізілді. Этнос өкілдерінің Қызылорда облысына қоныс аударуы, оның тарихи себептері мен салдарлары, кезеңдері талданып, таразыланды. Айталық, көпшілігі соғысқа дейінгіашаршылықтың немесе саяси қуғын-сүргіннің салдарынан қоныс аударған. Мәселен, корейлер біздің өлкеге1937 жылы келе бастады. Қазіргі корейлер солардың ұрпақтары. Оларбіздің облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлес қосқан үлкен диаспора болып саналады. Этнос өкілдері тек жаңа технологияғана емес, сонымен бірге инженер, білікті мамандарды қоса әкелді. Сыр жұртшылығы да олардан көп нәрсеүйренді, мәдениетаралық байланыс орнады. 2016 жылы облыс аудандарында,қалаға қарасты ауылдық округтер, мекемелер мен оқу орындарында ақпараттық-насихаттық топ жұмыстары ұйымдастырылды. Негізгі мақсат Елбасының 100 нақты қадам Ұлт жоспарын жүзеге асыру тетіктері, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен елдегі қоғамдық келісім және тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерді ақпараттандыру, насихаттау. Елбасы «Мәңгілік Ел» идеясы шеңберіндегі топтастырушы құндылықтар арқылы өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеуге ерекше назар аудару керек екенін атап өтті. Бұған білім беру жүйесінің, тәрбиенің, БАҚ-тың, этномәдени бірлестіктердің барлық күш-жігері бағытталатын болуы тиіс, деп «Мәңгілік ел» идеясыныңжалпыұлттық құндылықтарды нығайтуға бастайтын рухани күш екенін айрықша атады. Осы орайда, аталғанқұндылықтарды ғылыми тұрғыданталдау, түсіндіру және халық арасындакеңінен насихаттау мақсатындағылыми-сарапшылық топ мүшелерімен ғылыми қоғамдастық өкілдерінің бастамасымен 80-ге тарта ғылымижәне ғылыми-көпшілік мақалаларжарияланды. Сонымен қатар, 4 монография, 3 әдістемелік және 2 оқу құралы жарық көрді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін ілгерілетугебағытталған 30-ға тарта қоғамдық-саясиіс-шаралар, дөңгелек үстел, ғылыми-тәжірибелік конференция, қоғамдық қабылдау, жас ғалымдар байқауысияқты көптеген жұмыс атқарылды.
– Бірнеше жылдан бері облыстық ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылықтоптың жетекшісімен бірге Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі қызметін абыройлы атқарып келесіз. Кафедраның бүгінгібелесі биік. Іс ауқымы артты. Сонда да болса кафедра не іс бітірді деп көрсек?
– Еліміздегі бейбітшілік пенкелісімді одан әрі нығайтып, азаматтықбіртектілікті қалыптастыру үшін,республикада алғашқылардың біріболып 2014 жылы Қорқыт Атаатындағы ҚМУ-да «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы ашылды. Бұл уақыт ішінде қыруар шаруа атқарылды.Кафедраның негізгі қызметіқазақ халқының тарихы менмәдениеті, оның мемлекеттілігі,Еуразия тарихындағы орны мен рөлітуралы білімді тарату, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, этникалықжәне діни мәселелерге байланыстыоқытылатын пәндерді теориялық-әдіснамамен қамтамасыз ету, ғылыми зерттеулерді жүзегеасыру болып табылады. Кафедра университеттегі барлық мамандықбойынша білім алушыларға «Мемлекеттік этносаясат негіздері», «Қазақстандағы этносаралық қатынастар», «Қазақстандағы этностардың тарихы мен мәдениеті»,«Әлеуметтік этнография және демография», «Жанжалтану» пәндерінен дәрістер береді. Кафедраның алдына қойған мақсаты мен атқарыпжатқан қызметі толығымен ҚХА алдынақойылған міндеттерді шешуге бағытталған. Сол себепті, кафедра аймақтағы этносаралық ынтымақты, тыныштықтынығайтуға өз үлесін қосары сөзсіз. Әр этностың тілін, ділін, дәстүрін білугежәне құрметтеуге, қоғамдық келісімді дамытуға ықпалын тигізеді.
– Этносаралық ынтымақ пен ұлттық бірлікті баянды ету жолындакафедра тарапынан қандай ғылымижобалар қолға алынуда?
– Өткен оқу жылында біз үлкен фестиваль ұйымдастырдық. Бұл «Үлкен ел – Үлкен отбасы» жобасыаясында әрбір этнос өкілдерінің жастары өздерінің мәдениетін, салт-дәстүрін ұмытпау, соларды жаңғыртумақсатында қолға алынған шара еді. «Әралуандықтан бірлікке» ұранымен өткен шарада университетімізде білімнәрімен сусындап жүрген түрлі этнос өкілдерінен құралған студенттер өзөнерлерін ортаға салды. Мысалы, әрқайсысы өздерінің ұлттық киімдерін киіп, ұлттық тағамдарын дайындады. Көрме ұйымдастырылып, оған облыстық өлкетану мұражайынан түрлі экспонаттармен этнографиялық бұйымдар қойылды. Фестиваль жоғары деңгейде өтті. Бұл көпшілікке қызық. Облыстық ассамблея хатшылығымен бірлесе отырып, университеттің бастамасымен бекітілген жоспарға сәйкес облыстықтанымдық конференциялар, ғылыми жобалар байқауларын ұйымдастырып, қазіргі этносаяси жағдайларға байланыстыұжымдарға барып баяндама, дәрістер оқу, т.б. шараларды атқармақпыз.
– Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың жетекшісі ретінде өңірдегі этносаяси, әлеуметтік-экономикалық саланың дамуына қандай болжау жасар едіңіз?
– Біздің облыста 700 мыңның үстінде халық бар. Олардың 96,8 пайызы қазақ ұлты. Қалғанын 35 өзге этнос өкілдері құрайды. Осындай үлкен сандық пропорцияда тұрып, этносаясимәселе туындап кетеді деп айтаалмаймын. Себебі, ынтымақ бар, бейбіт өмір сүрудің негізі берік дәстүрі бар. Ал, енді экономикалық-әлеуметтіксаланың дамуына келер болсақ, біздің облыс соңғы 3-4 жылдың қорытындысыбойынша экономикалық даму жағынан ең алдыңғы қатарға шықты. Үлкен жобалар жүзеге асып, игілігінхалық көруде. Басқаша айтқанда, экономикалық ахуал жақсарған сайын этносаралық араздық жойылып, бірлік күшейе түседі.
– Жоспарсыз іс жүйесі болмайды. Бұл тұрғыда сіз жетекшілік ететін топтың келешекке көзқарасы қандай? Ғылыми-сараптамалық топтың алдағы жоспарларына тоқтала кетсеңіз.
– Биыл өздеріңізге мәлім, Алаш идеясына жүз жыл, 1932-1933 жылдары өткен ашаршылықтың 85 жылдығыжәне 1937-1938 жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына 80жыл. Аталған атаулы даталарға орай ҒСТ мүшелерінің қатысуымен ғылыми-тәжірибелік конференция, дөңгелек үстелдер мен кездесулер өткізіліп жинақталған материалдар негізіндеғылыми-зерттеулер топтамасын шығару жоспарланып отыр. «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы бірқатар жобалар қаржыландырылады деп күтілуде. Бүкілқазақстандық біртектіліктің, болашағы біртұтас ұлттың кілтібүкілқазақстандық мәдениет. Біз Қазақстанның әлемдегі 30 «жоғары мәдениетті қоғам» шоқжұлдызына енуін қамтамасыз етуге тиіспіз. Себебі бұл біздің басты міндетіміз. Елбасының этносаясаттағы бейбіт бағытын одан әрі насихаттауға атсалыса беретін боламыз. Алдағы басты міндеттердің бірі 12сәуірде «Болашаққа бағдар: руханижаңғыруға» жарияланған Елбасының бағдарламалық мақаласынан туындайтын міндеттерді нақты іске асыруға, соның ішінде, Туған жер жобасынжасауға өз үлесімізді қосатын боламыз. Себебі, ұлттық біртектіліктің мәні бүтінді бөлшектеуде емес, бөлшектерді бүтіндеуде жатыр. Біртұтас ұлтқа айналу бәріміздің ортақ міндетіміз деп түсінемін.
– Сұхбатыңызға рахмет!
Қ.ҚҰРБАН