Көпқабатты үйлерді жөндеуге 75 млн теңге бөлінді

Қызылорда облысында энергетика және тұрғын үй-коммуналдық саласында осы жылдың екінші тоқсанында атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Басқарма өкілдерінің айтуынша жоспарлы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Соның бірі  көпқабатты үйлерді жөндеу бағытындағы бастамалар.  Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісі хабарлады.   
Бүгінде облыс бойынша жөндеуді қажет ететін көпқабатты тұрғын үйлер саны 640-ты құрап отыр. Өңір әкімінің тапсырмасына сәйкес аудандық бюджеттерден 15 үйді жөндеуге 75,1 млн. теңге бөліп, жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.  
«Қазіргі таңда, тұрғындармен келісімге қол қою жұмыстары жүргізілуде. Осы бағыттағы жұмыстар нәтижесінде Қызылорда қаласында қайтарым қаражат есебінен 74,360 млн. теңгеге Бөкейхан көшесі №62 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілуде», - дейді энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усайн.  


НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 шілде 2017 г. 1 027 0