Облыс әкімінің қабылдауы

«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев партия ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізді, - деп хабарлады партия филиалының баспасөз қызметінен. 
Қоғамдық қабылдауға келген алғашқы азамат Сырдария ауданы, Шіркейлі ауылының тұрғыны Қаракөз Әбетова. Партия қабылдауына науқас балаларын Астана және Алматы қаласына апарып емдету үшін жолсапарына қаржылай көмек сұрап келіпті. Өзі Шіркейлі ауылындағы №129 орта мектепте мұғалімдік қызмет атқарады. Отбасында 3 баласы бар, оның 2-уі - мүгедек. Жолдасы жұмыссыз үйде балалар күтімімен отырғандығын жеткізді. Мүмкіндігі шектелуі және әлеуметтік мәселелер кезек күттірмей орындалау қажеттігін алға тарқан облыстық партия филиалының төрағасы Қырымбек Көшербаев мәселені «Қызылорда игілігі» корпоративтік қорынан шешіп беруге ықпал жасады.
Баян Тәжімұратова есімді қала тұрғыны аймағымызда сирек кездесетін «Целиакия» дертіне шалдыққан балалар санының көбейіп келе жатқандығын айтып, осы балалар үшін, облыс орталығының сауда нысандарының бірінде арнайы диеталық тағамдар бөлімінің ашылуына ықпал жасалуын сұрады. Облыстық партия филиалының төрағасы Қ.Көшербаев аталған мәселені қала кәсіпкерлері арқылы шешілуін қамтамасыз етуді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықовқа тапсырды. 
Қоғамдық қабылдауға келген келесі азамат - ІІ және ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденінің иегері, облыстық Кеңес депутаты, Қызылорда облыстық партия комитетінің мүшесі болған, атақты күрішші Бибіжамал Қонысова. Еңбек ардагері 2005 жылы тұрғын үй кезегіне тіркеліп, қазір халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары санаты бойынша 78-ші болып кезекте тұр. «Үй қашан және қай жерден берілетіндігін білу мақсатында келдім» дейді ардегер.
Қырымбек Көшербаев ең алдымен еңбек ардагеріне елге жасаған еңбегі үшін үлкен ризашылық білдірді. Сонан соң жыл аяғында кезектер тұрған отбасыларға 160 пәтері коммуналдық тұрғын үйді пайдалануға беруді жоспарлап отырғандығын жеткізіп, мәселені заңдылықтарға сәйкес шешуді қала басшылығына тапсырды.
Аймақ басшысының қабылдауына алғыс айтып келген азаматтар да болды. Солардың бірі қала тұрғыны Гүлдерай Қожағалиева. Ол филиал төрағасына Қызылорда қаласы №6 есту қабілеті бұзылған мектеп – интернатының 8 сыныбында оқитын немересі Оралбай Айдананың партия қолдауымен ағымдағы жылы 26 – 31 мамыр күндері Санкт-Петербург қаласында мүмкіндігі шектеулі балғындар арасында ұйымдастырылған, «Шаг навстречу!» халықаралық фестиваліне қатысып І орынды иемденіп келген айттып, байқау ұйымдастырушыларының «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалына жолдаған арнайы «Алғыс» хатын табыстады. Өз кезегінде Айдананы жеңісімен құттықтаған аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев «Нұр Отан» партиясы өнерлі, білімді, талантты балғындарды қашанда қолдауға дайын екенін айтты.
Қабылдау барысында ата-анасының қайтыс болуына байланысты немересін өз қамқорлығына алған қарт ана Наталья Жихареваның да мәселесі оң шешілді. Ол облыстық партия филиалы төрағасына Қызылорда қаласындағы қазақ гуманитарлық техникалық заң колледжінде «Есептеу техникасы» мамандығы бойынша ақылы негізде оқитын немересі Роман Курыновтың бір жылдық оқу ақысын төлеп беруге көмек сұрған болатын.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 шілде 2017 г. 823 0