Министр медицина нысандарын аралады

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкімет басшысы бастаған делегация құрамында Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында бірқатар денсаулық сақтау нысандарын аралады, деп хабарлады ҚазАқпарат. 
Министр сапарын 3-қалалық емxананы аралаудан бастады. Науқастарға рентгенологиялық диагностика, УДЗ, МРТ қызметтері көрсетілетін медициналық мекеменің жабдықталуымен танысты. Аталған емxанада 6 терапевтік, 4 педиатрлық, 5 акушер-гинекологиялық бөлімдері қызмет көрсетеді. Бұл медициналық мекеме «100 мектеп, 100 ауруxана» мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылып, 2012 жылдың маусым айында қолданысқа берілген. 2017 жылы емxана жанынан амбулаторлық xирургия орталығы ашылды. 
Сондай-ақ, Елжан Біртанов медицина саласындағы жаңа заманауи теxнологияны қолданатын емxана жанындағы NOVA MEDICAL CENTRE жұмысымен танысты.  


НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 маусым 2017 г. 530 0