Қазақстан Республикасының Жоғары заң шығарушы билігі болып табылатын Парламентіне Сенатор етіп сайлап, сенім білдіргендеріңіз үшін барлық Сыр бойы халқына және облыстық, қалалық, аудандық деңгейдегі барлық мәслихат депутаттарына, «Нұр Отан» партиясы мен барлық қоғамдық-саяси ұйымдар өкілдеріне, сайлау штабымның мүшелеріне, барлық сенімді өкілдеріме, бұқаралық ақпарат құралдарына және сайлауға түскен барлық үміткерлерге үлкен алғысымды білдіремін.
Осы сайлау Сыр аймағы халқының ынтымағы мен бірлігінің нық екендігін, азаматтарымыздың саяси мәдениетінің өскендігін толық көрсетті. Өз кезегінде Жоғары Палатаның депутаты ретінде өз білімім мен біліктілігімді, барлық күш-жігерімді ел тәуелсіздігінің нығаюы мен Сыр аймағының әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының өсіп-өркендеуіне жұмсаймын дегім келеді.
Өздеріңізге деген зор құрметпен,
Қазақстан Республикасы
Парламенті Сенатының депутаты
Мұрат Бақтиярұлы.