16 сайлау пункті жұмыс істеуге дайын – ОСК

 
Бүгін елімізде ҚР Парлементі Сенатының сайлауы өтіп жатыр. Қазіргі таңда 16 сайлау пункті жұмыс істеуге дайын. Азаматтар тиісті сайлау туралы ақпаратты Орталық сайлау комиссияның сайтынан ала алады. Бұт туралы аталмыш комиссиясының мүшесі Константин Петров мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Астана уақыты бойынша таңғы сағат 9:00-да барлық 16 сайлау пунктісі толығымен жұмыс істеуге дайын. Сайлаушыларды электрондық тіркеу басталды. Ол сағат 10:00-ға дейін жалғасады. Ал сайлаушылардың кеңесі Астана уақыты бойынша 10:00-ге белгіленген. Қазіргі таңда election.gov.kz сайтынан сайлаушылардың жиналысы қатысуы туралы ақпаратты ала аласыздар», - деді ол.
Осы орайда Орталық сайлау комиссияның мүшесі аталмыш науқанның қалай өтетіндігін түсіндірді.
«Сенатта 47 депут бар. Оның 15-ін Президент тағайындайды. Ал 32 депутат өңірлерден сайланады. Әрбір өңірден 2 депутат. Ал осы сайлауда Қазақстанның 16 өңірінен Сенатқа 1 депуттат сайланады. Дауыс берушілердің тізіміне 38 депуттатқа үміткер тіркелді. Дауыс берушілер қатарына барлық деңгейдегі мәслихаттар депуттарына кіреді. Қазақстан бойынша олардың саны -3 291», - деді ол.
Сонымен қатар Константин Петров азаматтардың Сенат сайлауы туралық ақпаратты онлайн режимде бақылау алатындығын жеткізді.
«Біз екі функцияны іске қостық. Біріншіден, дауыс берушілердің сайлауға қатысу динамикасы. Бұл ақпаратты сіздер қазірдің өзінде сайттан көре аласыздар. Сайлаушылардың жиналысы өткен соң, дауыс беру өтеді. Одан кейін дауыс санау процедурасы ұйымдастырылып, протокол толтырылады. Жергілік комиссияның протоколы толтырылған соң, ол сайтта жарияланады. Сайлау біткен соң әрбір өңір оның қорытындысын біздің сайтқа орналастырады. Сіздер оны онлайн режимде бақылай аласыздар», - деп түйіндеді сөзін ОСК мүшесі.


НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 маусым 2017 г. 462 0